Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысындағы ірі жобалар

26 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысындағы ірі жобалар
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы уақытта әлемде болып жатқан барлық дағдарыстық құбылыстар мен тәуекелдерге қарамастан облыстың экономикалық әлеуеті нығайып келеді. Өндірістік сектор сенімді дамып, инвестициялар ағыны төмендемейді. 

Жетісу бизнесі жоғары позицияға ие. Бұл сенімді іргетас және одан әрі ілгерілеуге жақсы негіз. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша биыл жыл басынан бастап өнеркәсіп өндірісінің көлемі 100,4 млрд. теңгені құраған, нақты индексі 112,%. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біраз жоғары. Ең үлкен жетістікті өңдеу және тау-кен өнеркәсібі көрсетеді. 

Биылғы бірінші тоқсанда «Қайнар АКБ» ЖШС, «Алацем» ЖШС, «Ақсуқант» ЖШС, «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС, «Электромарганец» ЖШС сияқты Жетісу алпауыттары жақсы жұмыс істеді. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісі көлемін 330 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр, ал 2025 жылға қарай ол 402,3 млрд. теңгеге өседі деп күтілуде. Облыс құрылғаннан бері 17 жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 2 кәсіпорын кеңейтілді. Аймақта барлығы 200-ден аса шағын және ірі өндіріс орындары жұмыс істейді.     

Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Өткен жылы облыс экономикасына 269,7 млрд. теңге құйылды, бұл жоспардың 116,3%-ын құрайды. Ал биылғы жыл басынан бері 45 млрд.-қа жуық қаражат түсті. 2025 жылға дейін кемінде 573,5 млрд. теңге тарту көзделген. 2026 жылға дейін 7 мың жұмыс орнын құрумен 1,6 трлн. теңгеге 146 іске асырылатын жобалардың инвестициялық портфелі қалыптастырылып, мақұлданды. Оның ішінде 30 серпінді жоба «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында басталады. 

Биыл жалпы құны 63,5 млрд. теңге болатын 52 ірі жоба басталып, 900-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылады. 
Сонымен бірге, Кербұлақ ауданында «Консалтингтік құрылыс тау-кен компаниясы» ЖШС, Панфилов ауданында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» ЖШС, Достық стансысында «Dostyk Trans Terminal» ЖШС ірі жобалардың іске асуы жоспарлануда.  

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Бүгін, 22:02
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.