Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу университетінің студенті жүгерінің жаңа түрін ойлап тапты

19 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
Жетісу университетінің студенті жүгерінің жаңа түрін ойлап тапты
WhatsAppTelegramFacebook

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану жоғары мектебінің 2 курс студенті Асқар Рахым тәтті жүгерінің жаңа сортын ойлап тапты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жас ғалым Асқар Рахым селекция ғылымына оқушы кезінен қызығушылық танытқан. Ол сары жүгерінің түрлі-түсті сортын алу үшін 7 сыныптан бастап іздене бастады.

Жүгеріге жасаған селекцияны ғылыми тұрғыда жетілдіру мақсатында Жетісу университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің агрономия мамандығына арнайы оқуға түсті.

Ол білім ордасында жас ғалымдарды қолдауға бағытталған «Jas galym» байқауына қатысып «Sweet Rainbow» жобасын ұсынды. «Түрлі-түсті жүгері өсіруді әлемнің көптеген елдері белсенді түрде тәжірбиеге енгізуде. Мексикада ақ, қара, күлгін, кемпірқосак түсті жүгерілер өсіріледі. Мұндай жүгерілер кәдімгі сары жүгерімен салыстырғанда көптеген қасиеттерге ие. Бірақ әлемдік аналогтар мал азығы (жем) ретінде пайдаланылады. Ал, мен жасаған түрлі-түсті жүгері жеуге жарайтын қасиетімен ерекшеленеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті антиоксидант, каротин, ақуыз сынды дәрумендер бар. Жүгерінің тұқымын шағылыстыру арқылы 5 жылдың ішінде тәтті, түрлі-түсті жаңа тұқым алдым»,- дейді Асқар Рахым.

Асқардың ендігі жоспары тағам ретінде пайдалануға болатын жүгерінің жаңа тұқымын көбейтіп, өсіру. Оның өнімділігін арттыру үшін жүгерінің «Үш тәтті» атты сортымен будандастырып, жаңа тұқымға патент алу. Одан соң «Тәтті кемпірқосақ» жүгерісін нарыққа шығару.

Айта кетейік, Жетісу университетінде студенттердің ғылыми жобаларын қолдауға арналған университетішілік «Jas galym» байқауы бар. Жыл өткен сайын жаңа идеясымен ерекшеленген жобаларды қаржыландыру көлемі артып келеді. 2023 жылы жас ғалымдарды қолдауға 12 млн. теңге бөлінген болса, 2024 жылы 15 млн.теңге бөлініп отыр.

Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қатысты жаңалықтар

Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.