Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда екі мыңға жуық бала инклюзивті оқытумен қамтылған

1 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісуда екі мыңға жуық бала инклюзивті оқытумен қамтылған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсететін 18 мекеме бар. Соның ішінде арнаулы интернаттар, облыстық педагогикалық-психологиялық консультациялар, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кез келген бала өз қатарластарымен бірдей білім алып, тең мүмкіндіктерді пайдалануға құқылы. Дегенмен денсаулық жағдайына байланысты бұл оларға көбіне қиынға соғып жатады. Бұл ретте облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, жалпы білім беретін мектептерде 203 педагог-дефектолог, 165 логопед, 1 тифлопедагог, 108 педагог-ассистент  жұмыс істейді. Биыл Көксу ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған. Сол сияқты Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте, Талдықорғандағы Ушинский атындағы №7, №27 орта мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді. Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп базасында ресурстық кабинет ашылды.

Мәселен, Талдықорғандағы № 7 мектепте қазір инклюзивтік біліммен 10 бала қамтылып отыр. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахтихан Сейітованың айтуынша, бұл балалардың аутизм және психикалық дамуы тежелген деген диагноздары бар. «Біздің мектепте он балаға арналған инклюзияны қолдау кабинеті 2019 жылдың қыркүйегінде ашылды. Осы үш жылдың ішінде 10 баланың 3-еуін қоғамдық ортаға бейімдеп, өз бетімен оқи алатын деңгейге жеткізіп шығардық. Қазір де 10 бала инклюзивті білім алып жүр. Олар сыныпта басқа балалармен бірге отырып оқиды. Әрқайсының жанында бір-бір педагог-ассистент болады, яғни бізде 10 педагог-ассистент маман жұмыс істейді. Мұндай балалар Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес  ұсынылған бағдарламамен оқытылады. Әрине, бұл іске алғаш кіріскенде ата-аналар тарапынан да, оқушылар тарапынан да, тіпті мұғалімдердің арасында да қарсылық болды. Дегенмен осы үш жылдың ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды ортаға бейімдеу және сыныптастарының оларды қалыпты қабылдай алуы жағынан едәуір ілгерілеушілік байқалады. Яғни инклюзивті білім берудің тиімділігін уақыттың өзі көретіп отыр», — дейді Б. Сейітова.

Жалпы инклюзияны қолдау кабинеттері жұмысының тиімділігін ескере отырып, облыста білім басқармасының жол картасына сәйкес 2024 жылы тағы 2 кабинет ашу жоспарланып отыр.  

Атап өтсек, Жетісу облысында ерекше білім беру қажеттігі бар 7072 бала бар, соның 1709-ы мүгедектігі бар балалар. Бүгінде 1896 бала мемлекеттік балабақшаларда, мектептер мен колледждерде инклюзивті білім берумен қамтылып отыр. 

Фото: gov.kz 

Қатысты жаңалықтар

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.