Талдықорған: +25°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕТІСУДА ТАУЛЫ АЙМАҚ ӨРТЕНІП ЖАТЫР. ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНА ЖЕТТІ

09.09.2022
КҮНДЕРЕК
ЖЕТІСУДА ТАУЛЫ АЙМАҚ ӨРТЕНІП ЖАТЫР. ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНА ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті Алакөл ауданының таулы аймағында болып жатқан өрт жайлы жаңа деректерімен бөлісті.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, өрт ауданы 500 гектарға жеткен. Оны сөндіруге 187 адам мен екі тікұшақ тартылған. «Сағат 15:00-де Абай облысынан қосымша «МИ-8» ұшағы шықты. Желдің жылдамдығы 28-30 м/с, бірақ желдің бағыты шығыстан батысқа қарай, Үшарал-Достық тас жолына қарай өзгерді. Шекарадан қашықтығы — 10 шақырым. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төнбеді. Жағдай бақылауда. Барлығы екі «МИ-8» тікұшағы, 17 техника және 183 жеке құрам жұмылдырылды», — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент өкілдерінің айтуынша, өрт көрші Қытай шекарасына жеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шекара қызметі көрші мемлекетке өрттің соларға қарай таралуы мүмкін екенін ескерткен.

«Қызыл жалын көрші мемлекеттің күшімен сөндірілді. Оқиға орнында штаб жұмыс істеп жатыр», — деп толықтырды департаменттен.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенген еді. Табиғи өрттің таралу алаңын нақтылау мақсатында шекара қызметінің «МИ-8» тікұшағы 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін ұшып өтті. Ұшу нәтижесінде өрттің аумағы мен бағыты анықталды.

Тәуліктің қараңғы уақытының басталуына байланысты 21 сағат 30 минутта өрт сөндіру бойынша жұмыс тоқтатылды және орман шаруашылығы қызметкерлерімен табиғи өрттің таралуына жол бермеу мақсатында қарауылдау ұйымдастырылды. Табиғи өртті сөндіру ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап 06 сағат 00 минутта қайта басталған еді.

Табиғи өрттің жануы 2022 жылғы 7 қыркүйекте 09 сағат 15 минутта жалпы көлемі 105 гектар алаңда оқшауланған болатын. Бірақ таулы жерде құрғақ шөптің бықсуы тоқтамаған.

Өртті сөндіруге барлығы 113 адам жұмылдырылды. 14 бірлік техника, 20 аспалы бүріккіш, 6 жылқы пайдаланылды.

Қазіргі таңда өрт қаупі сейілген жоқ. Кеше таңғы уақытта тағы да өртке қатысты хабарлама келіп түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 8 қыркүйек күні сағат 04:30-да келген. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жөнелтілді.

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде «Кендір сақал» орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 60 гектарға жетті. Онда құрғақ шөп пен бұталар өртенуде.

«Өрттің қылқан жапырақты орманға таралу қаупі бар. Дала өртін сөндіру бойынша ынтымақтастық жоспарына сәйкес облыс департаментіне Алакөл орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлері тартылды. Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қосымша жеке құрамы – 45 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт ошағына дейінгі қашықтық 490 шақырымды құрайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Жетісу облысы әкімінің жаңа қаулысы талқылауға шығарылды. Онда 22 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жекелеген адамдардың орманға баруына тыйым салу туралы айтылған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Рәміздер рухы – Конституция күші

Рәміздер рухы – Конституция күші

13.07.2026
Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.