Талдықорған: +36°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕТІСУДЫҢ ӘКІМІ ӨҢІР ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАНДАРҒА НАГРАДА ТАБЫСТАДЫ

23.10.2022
КҮНДЕРЕК
ЖЕТІСУДЫҢ ӘКІМІ ӨҢІР ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАНДАРҒА НАГРАДА ТАБЫСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір өңірдің өркендеуі ең алдымен қарапайым еңбек адамының белсенді тірлігіне, қажырлы қуатына тікелей байланысты. 25 қазан – Республика күні қарсаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан жандарды марапаттап, мемлекеттік наградалар табыстады.

Б.Римова атындағы Жетісу облыстық театрының ғимаратына жиналған көпшілік алдымен Мемлекеттік Тудың әкелуіне куә болып, Гимнді тік тұрып орындады. Одан соң мерекелік шараға келген көпшілікті құттықтаған өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық мереке статусын алған Республика күнінің маңызына тоқталып, «Егемендік туралы» декларацияның ұлт тарихындағы орнын айшықтады.

– Мемлекет – біздің өмір сүріп отырған ортақ үйіміз. Сондықтан, оның тағдыры, бүгіні мен болашағы елдің әрбір азаматына тікелей қатысты. Әділеттілік принципін ұстанған жаңа Қазақстанның алғашқы қадамы мемлекеттік басқару жүйесіндегі, қоғамдық-саяси құрылымдағы түбегейлі өзгерістерден басталып отыр, – деген Бейбіт Өксікбайұлы межеленген міндеттерге қол жеткізудің маңызын түсіндіріп өтті. – Бұл туралы күні кеше облысымызға арнайы келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жұртшылықпен кездесуінде атап өтті. Жетісу облысын дамытудың маңызды басым бағыттарын айқындап, нақты тапсырмалар берді. «Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің алдымызға қойған басты міндеті – әміршіл-әкімшіл билік емес, көптің үніне құлақ асатын, елмен санасатын, халықтың әл-ауқатын көтеріп, жағдайын жасайтын жүйе құру. Бұл орайда жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдарға зор жауапкершілік жүктеледі. Яғни, бұл талап өңірлік саясаттың өзегі болуы тиіс. Сонымен қатар, бұл іске тұтас қоғам болып атсалысуымыз керек. Сонда ғана жаңа реформалардың нәтижесін көп ұзамай көре аламыз.

Осыдан соң облыс әкімі Жетісу жерінің өркендеуіне үлес қосқан жандардың кеудесіне «Құрмет», «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі орденін, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалін тағып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы мен «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Көпшіліктің ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов:

– Қара өлең мәңгі біздің серігіміз,

Жетісу топқа қосқан өңіріміз.

Аспаннан медаль жауып жатса-дағы,

Орден тағып көрмедік өмірі біз.

Президент өзі елеп ескеріпті,

Қуаныштан тасып тұр көңіліміз.

Бейбіт мырза, өзіңіз дәнекерсіз,

Төрден бүгін бұйырды орынымыз.

Өксікбайдың баласы өткізбесе,

Өкінішпен өтеді екен өміріміз.

Әділ басшы халыққа бетін бұрар,

Оспадар басшы Отанды опындырар.

Хан айбалта болғанда, халық сабы,

Сап болмаса, айбалта не тындырар?!

Айбалта мен сабы дәйім бірге болса,

Кез-келген дұшпан елді отын қылар.

Қазаққа Алла нұрын құйып тұрсын,

Шаттықтан төбем көкке тиіп тұрсын!

Қасым-Жомарт Кемелұлы елді бастап,

Бір туға бар қазақты жиып тұрсын!

Көп тудың арасынан әлемдегі,

Көк тудың мәртебесі биік тұрсын! – деп қуанышын өлеңмен жеткізді.

Республика күнінің құрметіне орай марапатталған жандарды «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын алған еңбек ардагері, КСРО «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» және ҚР «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Асылмұрат Тұрғанбеков мен «Құрмет» орденін алған Ескелді ауданындағы «Черкашина» шаруа қожалығының төрайымы Зинаида Черкашина кезекпен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.

Салтанатты шара соңы Жетісу облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026
Басты байлық – денсаулық

Ұлт саулығы – ел байлығы

14.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Тәуелсіздікті тұғырлаған тарихи құжат

14.07.2026
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.