Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүйелі шешім тапқан мәселе көп

24 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
Жүйелі шешім тапқан мәселе көп
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша брифинг өткізді. Баспасөз конференциясында әкім кіші және орта бизнес, инвестиция, туризм, ауылшаруашылық саласы, жер мәселесі бойынша баяндама жасап, халықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің тұрғындарды жұмыспен қамту, жол, ауызсу, газ мәселесі, аудандағы өнеркәсіп саласы бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді. Баяндама барысында ол 2023 жыл аудан үшін өте табысты, берекелі жыл болғанын, көптеген мәселелер жүйелі шешім тапқанын айтты.

Бұдан бөлек, 2030 жылға дейін ауданда ауыл шаруашылығы мен металлургия салаларында жалпы құны 1 трлн 316 млрд теңгені құрайтын бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарда бар. Жобалар сәтті іске асса, 3519 адам жұмыспен қамтылмақ. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 33 млрд. 658 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,2 пайызға өскенін тілге тиек етті.

БАҚ өкілдерінің өнеркәсіп саласы бойынша сұрақтарына, атап айтқанда «АЛАЦЕМ» ЖШС, «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» ЖШСтуралы сауалдарына толық түсініктеме берді.

– «АЛАЦЕМнің» жүк көліктері жолдарды зақымдайтыны рас. 40 тоннадан артық тасығаннан кейін, біздің жолдың сапасы оған шыдамайды. Бірақ, жылда өз қаражаттарынан қаржы бөліп, бұзылған жолдарын қайта қалыпқа келтіріп жатыр. Әлеуметтік көмек ретінде 67 млн қаржы бөліп, Сарыөзек қаласында аяқталмай қалған орталық паркінің құрылысын қайта жандандырып, халық игілігіне ұсынды. Одан бөлек, 28 млн қаржыға аудан тұрғындарына жедел-жәрдем көлігін сыйға тартқан болатын. Ол кісілер қолынан келгенше бізге аямай көмектерін көрсетіп жатыр. 2024 жылдың 3 айында «АЛАЦЕМ» ЖШС үлесі 77,7 пайызды яғни 3 млрд 241,4 млн теңге, заттай 200 мың тонна цемент өндірді, – деді аудан әкімі.

Туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келушілер саны 2023 жылы 14 521 адам, 32,8 млн теңгеге қызмет көрсетілсе, 2024 жылдың 4 айында 5875 адам қабылдап, 5,8 млн теңгеге қызмет көрсеткен.

Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданының жер қоры 1 149 301 гектарды құрайды. Жайылымдық жерлерге қолжетімділікті арттыру мақсатында ауданда жалпы көлемі 103 мың 500 гектарға ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Пайдаланбай жатқан немесе мақсатына сай пайдаланылмаған жерлердің 2023 жылы жалпы 27 634 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алдағы уақытта аудан орталығында жаңа нысандар бой көтеріп, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі оңтайлы шешім табатына сендірді аудан әкімі Қанат Болатұлы.

Мақпал Әділханқызы,
ЖУ-дың 3-курс студенті.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.