Талдықорған: +9°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жол қауіпсіздігі талқыланды

28 қыркүйек 2023
КҮНДЕРЕК
Жол қауіпсіздігі талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында соңғы бес жылда елімізде тіркелген 75 мың жол-көлік оқиғасынан 100 мыңға жуық адам зардап шеккені айтылды. Күн сайын көлік апатынан бірнеше адам жарақат алып, қаза табады. Әдетте төрттен бірі жылдамдықты жөнсіз асырудан болатын көлік апатына жол ережесін бұзу, мас күйде көлік құралын жүргізу, тұяқты малды қараусыз жіберу сынды жағдайлар себеп болып жатады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де жол-көлік оқиғасына жиі кінәлі болады. Биыл тіркелген 233 жол-көлік оқиғасынан 40 адам қаза тауып, 155 адам түрлі жарақат алған.

Мұндай ахуалды жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, қала маңындағы жолдардың сапасыздығы және жолаушыларды заңсыз тасымалдау күрделендіре түседі. Мысалы, 2019 жылдан бері ұзындығы 362 километрге тең Қарағанды–Балқаш тас жолын жөндеу кезінде 99 жол-көлік оқиғасы орын алған. Осыған орай Бас Прокурор Берік Асылов:

– Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет. Көлік жүргізу тәртібін бірлесіп арттыру, кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау керек, – деп атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жол белгілерін орнату және жол құқық бұзушылықтарын тіркейтін автоматты камералар желісін кеңейту сынды мәселелерді пысықтау тапсырылды. Сондай-ақ, оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылады.

Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінің тізімін жасау, өзекті мәселелердің тізбесін айқындау және дәйекті шешу міндеті ұсынылды. Одан бөлек, жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғандардың жауапкершілігін қатаңдатуды көздейтін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне түзетулерді пысықтау мәселесі көтерілді.

 

«Жетісу ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.