Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жол сапасы жақсара түседі

7 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жол сапасы жақсара түседі
WhatsAppTelegramFacebook

Автомобиль жолдары кез келген дамыған елдің инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Бұл алдымен сол ел тұрғындары мен саяхаттап келген адамдардың қозғалысын жеңілдетіп, экономиканың да табысты дамуына оң ықпал етеді әрі жан-жақтағы аймақтармен қауіпсіз байланысты жеңілдетеді.

Қазір қарыштап даму даңғылына түскен Жаркент өңірінде де соңғы жылдары жолдар мен жаяу жүргіншілер соқпақтары талапқа сай жасалып, көшелер жарықтандырылып, аудан тұрғындары табиғи газбен қамтылып, елді мекендерде ауызсу құбырлары жаңартылып, халқының тұрмыс жағдайы жақсаруда.

Панфилов ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық. Соның Сарыөзек – Көктал бағытындағы 68-110 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдыңғы жылы жобасы жасалып, Үкіметтен қаржы бөлінген Алматы – Көкпек – Шонжы – Қорғас тас жолының 306-322 шақырымындағы Жаркент қаласы мен Көктал кенті аралығындағы 16 шақырымына өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары жасалып, осы аралыққа үш жерден су өткізетін құбырлар қойылды.

Өткен жылдың соңында Панфилов ауданындағы Жаркент қаласынан Кішішыған, Үлкеншыған, Қырыққұдық, Ақкент, Ават, Атамекен елді мекендерін көктеп өтіп, Қытай Халық Республикасымен байланыстыратын ұзындығы 32 шақырымды құрайтын маңызды жол бөлігі заман талабына сай жаңартылды. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған жол республиканың шығыс аудандарын жалғап, Қытайдан жүк тасымалын қамтамасыз ететін күретамыр іспетті. Биыл республикалық маңызы бар Көктал – Айдарлы жолының 15 шақырымын орташа жөндеуге, Сарыөзек – Көктал автомобиль жолының 68 шақырымын орташа жөндеуден өткізуге қомақты қаржы бөлініп, игерілуде.

Өңір арқылы өтетін облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 197 шақырым. Осы мәндегі жолдардың өткен жылы Жаркент – Лесновка бағытындағы 14,2 шақырымы орташа жөнделіп, 7 жердегі су өткізгіш құбырлары және Нәдек – Сүптай ауылдарының аралығындағы 10,4 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жасалып, 4 құбыр ауыстырылды. Биыл бұл санаттағы Жаркент – Сарыбел автожолының 4 шақырымына орташа жөндеу, Басқұншы ауылының кіреберісіндегі 12 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақшы.

Жаркент өңіріндегі аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 531 шақырымды құраса, соның Қоңырөлең округіндегі Бөрібай би ауылының кіреберіс жолына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Өткен жылы басталған бұл жолдың 5,4 шақырымына қиыршық құм төселіп, 4 жеріне көпір салынып, асфальтталып, жалпы жұмысы сапалы тиянақталды. Бұрын күре жолға шыққанша қыста қарға малтығып, жауын-шашында батбаққа батып жол азабын ұзақ тартқан Бөрібай би ауылының тұрғындары өздеріне сапалы жол салып берген «МАКС дорсервисстрой» ЖШС құрылысшыларына дән риза.

Осы Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты, өңірдің батысындағы Күреңбел өңірімен шектесетін ең шеткі елді мекен саналатын Ынталы ауылының жолы жасалып, асфальт төселмеген екен. Тау баурайындағы шағын ауыл тұрғындарының арманы қалың қар түскен қыста орталықпен байланыстан мүлде ажырап қалатын жолды жөндеу болатын. Ауыл тұрғындарының тілегі жақында жүзеге асады. 2023 жылы жергілікті бюджеттен Ынталы ауылының жолына қаражат бөлініп, Сарыөзек – Жаркент күре жолынан Ынталыға апаратын қара жолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 12 шақырымға жуық жол құрылысы меже бойынша биыл аяқталуы тиіс. Бұл жолды жасау жұмысын «Қарасай құрылыс» ЖШС атқаруда.

Соңғы жылдары жазиралы Жаркент өңіріндегі елді мекендердің ауылішілік маңызы бар көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары көңіл көншітерлік дәрежеде жүзеге асып келеді. Әсіресе бұрын ешуақытта асфальтталмаған көшелердің жөнделгені тұрғындарды қуанышқа бөледі. Өткен жылы ауылдар мен аудан орталығындағы елеусіз қала беретін тұйық көшелер де жөнделіп, асфальтталып, тұрғындарын қуантты.

Биыл да жалпы аудандық маңызы бар елді мекендердің көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлы атқарылуда. Қазір Жаркент қаласы мен ауылдарда белгіленген көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан тыс Жаркент қаласындағы Сыпатаев – Ходжамияров көшелеріне күрделі жөндеу жүргізуге 50 миллионнан астам қаржы бөлініп, Сыпатаев көшесінің 3,27 шақырымы толық талапқа сай асфальтталды. Қазір аудан орталығындағы Ыбраймолдаев, Қасенов көшелері мен Әулиеағаш ауылының Қарақызов көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу шаралары аз емес. Атап айтар болсақ, Жаркент қаласындағы оннан астам көшелерге, Алтыүй, Сарытөбе, Қоңырөлең, Еңбекші ауылдарындағы бірқатар көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалмақшы. Сонымен қатар Еңбекші ауылындағы Жүнісов көшесіне шағыл төселіп, Шежін – Нәдек ауылдарын жалғайтын жолдың ойылған жерлері бүтінделеді.

Түйіндеп айтсақ, Жаркент өңіріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуда. Мемлекеттен бөлінген қаржыны уақтылы игеріп, жасалған жолдардың сапасы талапқа сай болуын аудан басшылары қадағалап отыр.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.