Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН

9 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның жүрегі қаншалықты мейірімді болса, жүзінен соншалықты жылылық, нұр төгіліп тұратынын әсілінде жұрт біледі. Ондай жанның қасынан табылудың өзі бір ғанибет. Айналасына шуақ шашып, пенделіктен биік тұратын тұлғалардың тұғыры қашанда қадірлі. Халықаралық қыз-келіншектер мейрамында көркем мінезі, тиянақты ісімен  ұжымға сіңген ана жөнінде әңгіме қозғағанды дұрыс санадық.

Қазақи болмысы, сабырлылығы, өз жұмысына берілген қасиеті Зәуре Сембайқызын көпшіліктен даралап тұратынын баспаханаға баратын кезекші журналистер әуелден аңғарып қойған. Оның жылы жымиысы адамдық келбетінің көрінісіндей көрікті.

– Жалпы Зәуре апаймен әріптес болғаныма 32 жылдан асыпты. Ол кісінің бір ашуланып, бұрқ-сарқ болған мінезін көремеген екенмін. Ұжымдағы қолынан іс келетін білікті маманның бірі. Ақжарқын, үнемі адамның көңіліне қарап жүреді. Біреу қиналса қол ұшын созып жәрдем беруге дайын тұрады, – дейді «Офсет» баспаханасының механигі Нұрахмет Бексейітов.

Зәуре Тәшенова Сарқан ауданы, қазіргі Ақтұма ауылының тумасы. 1988 жылдан бері Талдықорған қаласында тұрады. Негізгі  мамандығы – балабақша тәрбиешісі. Мамандық бойынша бірнеше жыл жұмыс істеп, кейіннен Екібастұзға ауысып, ол жақта құрылыс саласында қызмет етеді. 2 жыл өткен соң Талдықорғанға қайтып оралып «Офсет» баспаханасына жұмысқа орналасады.

– Менің осы баспаханада қызмет етіп жүргеніме биыл 35 жыл болды. Әуелде мұнда монтаждаушы болып жұмысқа кірген едім. Сол замандарда жұмыс ауыр еді. Ленталарды қиып, мәтін жолын жасайтынбыз, газеттің суреттерін орналастыратынбыз. Бұрынғымен салыстырғанда жұмыс қазір әлдеқайда жеңілдеді. Бұл жерде қазір кітап, журналдар шығару үшін тапсырыс қабылдап, газет шығатын күні сұрыптаушының жұмысын істеймін. Яғни ауыл, аудан, қалаларға кететін газеттерді есептеп, бөлемін. Газеттің жай келетін кездері болады, сол күндері сағат түнгі 12,1-ге дейін осында боламыз. Жалақымыз 90 мың теңге болғанымен  қолымызға 70 мың ғана тиеді, – дейді еңбекқор ана.

Кейіпкеріміз 4 ағайынды. Ол үйдің екінші қызы. Сәуле, Индира, Эльмира есімді әпке-сіңлілері бар. Әкесі кезінде ұжымшарда көлік жүргізуші, анасы қызылшада жұмыс істеген екен. Балалық шақтарында ата-анасына көмектесіп, жәрдемші болғандарын айтады.

Зәуре Сембайқызы мен жолдасы Айтжан Қанпиновтың Рауан, Елдар есімді ұлдары бар. Олар да бұл күні өз алдына үй болып, ата-анасына немере сүйдірген.

Ясин ОРАЛБЕК

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.