«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің біраз өңірінде жауын-шашын, қар жауып, қатты жел соғады.
Антициклон әсерінен тек солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал елдің қалған бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын байқалады.
Біраз өңірде тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел екпінді болады деп болжануда.
«Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, ал оңтүстік аймақтарда екпінді жел күшейеді», – деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.
Ауа райының өзгермелі болуына қарамастан, бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары және төтенше өрт қаупі сақталуда.
Өрт қаупі Ұлытау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарының кей аумақтарында бар.
Ал Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Ұлытау облыстарында.
Мамандар тұрғындарға ауа райы ескертуін ескеріп, жолда абай болуды және жел күшейген кезде сақтық шараларын сақтауды ұсынады.





