Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Адами капитал – ел дамуының тірегі

9 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ
Адами капитал – ел дамуының тірегі
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов «Адами капитал – ел дамуының негізі» тақырыбында брифинг өткізіп, өңірдегі жүзеге асырылып жатқан жобалар мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның ішінде адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай облыста арнайы жоспар қабылданып, 6 бағыт бойынша 71 іс-шара белгіленген.

Облыс экономикасының негізгі салалары – ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ, туризм индустриясы терең талданды. Соның негізінде «Өңірлік жаңа мамандықтар атласы» әзірленіп, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер тізімі жасалды. Нәтижесінде 11 колледжде 14 жаңа мамандық ашылып, кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік туды.

Студенттерге қолайлы жағдай жасау да назардан тыс қалған жоқ. Биыл бір колледжге күрделі, төрт колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазан айынан бастап 1300-ден астам студент жаңартылған оқу ғимараттарында білім алады.

Сонымен қатар дуалды оқыту жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда облыстың 14 колледжінде 3300-ге жуық студент өндірістік тәжірибеден өтуде. Мәселен, Ақсу қант зауытына қажетті мамандарды даярлау үшін Ақсу агротехникалық колледжінде арнайы «Қант өндірісі» бағыты ашылды. Бүгінде 82 кәсіпорынның тапсырысы бойынша 926 студент 27 мамандықта мақсатты түрде оқытылып жатыр.

Осылай жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтқан Диас Рахметұлы Талдықорғанда халықаралық стандарттарға сай «Zhetysu Skills» орталығының құрылысы басталғанын да жеткізді. Бұл орталықта студенттер заманауи құрал-жабдықтарды меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін шыңдайды. Мұнда 12 бағыт бойынша халықаралық және республикалық кәсіби чемпионаттарға дайындық жүргізіледі. Ал жыл соңында «Worldskills Kazakhstan – 2025» ұлттық чемпионатына 23 жетісулық жас қатысады деп күтілуде.

Адами капиталды арттыруда мектептердің де орны бөлек. Президент тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық бағдарламасы аясында Жетісу облысында екі жаңа білім ордасы бой көтеріп, өткен жылы Панфилов ауданында 1200 орынды мектеп пайдалануға берілсе, биыл Алакөл ауданында 600 орынды тағы бір жаңа мектеп ашылмақ. Осыған орай сөз барысында:

– Адами капитал – ел дамуының негізгі тірегі. Сондықтан Президентіміз ұсынған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты Жетісу өңірінде нақты істермен жүзеге асырылып келеді, – деді Диас Рахметұлы.

Облыс әкімінің орынбасары айтқан ақпаратқа сүйенсек, «1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу» тапсырмасына сәйкес өңірде 4 мектеп жаңартылып, тағы 3 білім ошағы жыл соңына дейін жөндеуден өтеді. Нәтижесінде 4600 бала заманауи үлгіде жабдықталған мектепте оқиды деп жоспарлануда.

Мектептерде пәндік кабинеттер, спорт залдары, кітапханалар жаңартылып, қауіпсіздік жүйелері күшейтіліп жатыр. Ал бастауыш сынып оқушыларының тегін тамақтануын тиімді бақылау үшін биыл 100 мектеп «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне қосылды. Face ID технологиясы арқылы әр баланың мектепке кірген уақыты мен асханада тамақтануы қадағаланады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Соған сәйкес бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізіліп, спорт мектептерін дамытуға және ауылдық жерлерде жаңа нысандар салуға қаржы бағытталды. Соңғы үш жылда облыста 32 жаңа спорт кешені ашылды.

Бүгінде Жетісу тұрғындарының 42 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27,5 пайызға жеткен. Сондай-ақ, ұлттық құрама сапындағы жетісулық 200-ге жуық спортшы ай сайын 70 мыңнан 500 мың теңгеге дейін стипендия алады.

Спорттан бөлек, облыста жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға да баса назар аударуда. Жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде еңбек адамдарының еңбегі кеңінен насихатталуда. Бұл жастардың қызығушылығын арттырып, бүгінде 500-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Ең қызығы, студенттердің тәжірибесін шыңдауға бағытталған бастамалар да қолға алынған. Мәселен, Алакөл ауданындағы Тоқжайлау көпсалалы колледжі студенттері 4 гектар жерге 1700 түп алма ағашын отырғызып, «Тоқсаябақ» жеміс бағын құрды. Бұл бастама жас ұрпақтың аграрлық саладағы дағдыларын дамытуға зор үлес қосып отыр.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.