Талдықорған: +10°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ғалиасқар САРЫБАЕВ: «САЛЫСТЫРУ ТІПТЕН ҰЯТ»

23.11.2018
КҮЛТӨБЕ
Ғалиасқар САРЫБАЕВ: "САЛЫСТЫРУ ТІПТЕН ҰЯТ"
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жеріндегі денсаулық сақтау саласындағы және жекелеген азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен тыңдауда талқыланып, ана мен бала өлімінің басты себептері сөз болды.

Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, аудандық, қалалық ауруханалардың басшылары, жекеменшік дәріханалардың өкілдері, медицина саласының қызметкерлері қатысқан алқалы жиында төрт мәселе – 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру нәтижелері, жекелеген санаттардағы азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету және олардың бағаларын реттеу, қатерлі ісіктен болған өлім көрсеткіштерін азайтуда атқарылған іс-шаралар, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру нәтижелері бойынша комиссия жұмысының 2018 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы қаралды. Партиялық тыңдауды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы болып мінберге көтерілген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, адам өмірін ұзартуды, тұрғындардың денсаулығын жақсартуды, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруды көздейтін мемлекеттік бағдарлама бойынша өңірде  көптеген жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, жазатайым улану, жарақаттану, туберкулезден көз жұму, ана мен бала өлімі, семіздік сынды ауру көрсеткіші төмендеп, қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығы артса, сотталғандардың арасындағы туберкулез ауруы азайған.

Осындай жетістіктермен таныстырып, Жетісу жеріндегі денсаулық сақтау саласының мүмкіндігін көпшілік назарына ұсынған басқарма басшысының айтуына қарағанда өңірдегі медициналық жетістіктер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келеді. Ұлттық скринингтік бағдарламасы аясында сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры, артериалды гипертония, қант диабеті, глаукома сынды ауруларды алдын ала анықтау шаралары жүзеге асырылуда. Соған байланысты 30 бен 70 жас аралығындағы 107 164 әйелді жатыр мойны обырының скринингінен өткізу жоспарланып, 48 223 әйел тексерілген. Соның ішінде 342 адам диспансерлік есепке алынды. Сондай-ақ, сүт безінің қатерлі ісігін анықтау үшін тексеруден өтуі тиіс 40 пен 70 жас аралығындағы 82 054 әйелдің 41 мың 847-і тексерілді. Оның ішінде 727 адам есепке алынды. Тоқішектің қатерлі ісігін алдын ала анықтау бойынша тексерілуі тиіс 50 мен 70 жас аралығыдағы 91 мың 504 адамның 48 мың 497-і тексеруден өткізіліп, диспансерлік есепке 18 адам алынған. Осыған орай облыстағы медициналық мекемелердің мамандарын оқыту жұмысы да жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда жетістік көп.

Айтылған мәліметтерге байланысты сұрақ қойған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу жеріндегі ана мен бала өлімі азаймай тұрғанын алға тартып, республикалық Статистика агенттігі ұсынған деректердің неліктен басқаша екендігін сұрады.

– Бәрі жақсы, бәрі керемет деп айту оңай. Алайда халықаралық стандартпен салыстыру тіптен ұят. «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Бүгін біз басқаша жұмыс жасауымыз керек. Басқа өңірлерден көшіп келушілерді, оралмандарды, діни көзқарасына байланысты медициналық тіркеуге тұрғысы келмейтіндерді қараусыз қалдыруға болмайды. Ал, кадр жетіспеушілігі тіптен сын көтермейді, – деген Ғалиасқар Төлендіұлы сала жұмысын жандандыруды жауапты мамандарға жүктеді.

Жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек, «Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы» ЖШС директоры Арслан Индершинов, облыстық аурухана директоры Мұрат Рахметов кезекпен сөз алып, облыстық денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан қолдау керектігін алға тартты.

Одан соң жекелеген азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету және олардың бағаларын реттеу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Надима Белтаева, облыстағы қатерлі ісіктен болған өлім көрсеткішін азайтуда атқарылған іс-шаралар туралы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық онкологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Болат Сейтқазин, партиялық кураторлар комиссиясының биылғы атқарылған есебі туралы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының директоры, облыстық мәслихат депутаты, комиссия жетекшісі Доғдыргүл Молдахалықова баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды.

Мәди АЛЖАНБАЙ,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Тюльпан қыз

Тюльпан қыз

08.03.2026
Менің Азалиям!

Менің Азалиям!

08.03.2026
Жамбыл жырына сусындады

Жамбыл жырына сусындады

08.03.2026
Ринг патшайымы

Ринг патшайымы

08.03.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.