Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

29.06.2021
КҮЛТӨБЕ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Билік пен бұқара арасындағы алтынкөпірлік міндетті адал атқарып, қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген журналистер қауымының төл мерекесі Талдықорған төрінде ерекше айшықталды. Салтанат сарайында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы қатысып, төртінші билік өкілдерін мерейлі күнімен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің салтанатты жиыны кемел елдің келешегі үшін өздерінің бойындағы таланты мен қажыр-қайратын жұмсап, ел ықыласына бөленген Бейсен Құранбек, Нұртілеу Иманғали- ұлы, Ғалым Жазылбек, Гүлжиян Сүлейменова, Мұхаметәлі Қазбанбетов сынды өмірден өткен жайсаңдарын еске алумен басталды. Одан кейін руханият пен мәдениет өрісінің кеңеюіне, мемлекеттің сарабдал саясатының дұрыс жүргізілуіне, Отанның дамуына барынша адал қызмет етіп жүрген журналистердің еңбегін саралап, қоғамдағы салмағын анықтайтын бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
Игі шараның шымылдығын ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі Амандық Баталов:
– Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік саясатты, жүргізіліп жатқан ірі реформаларды, рухани жаңғыру қадамдарын халыққа жеткізуге зор қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда баспасөз, радио және телеарнасыз күнделікті өмірді елестету мүмкін емес. Ғаламтор, әлеуметтік желілер медиакеңістіктің ауқымын ұлғайтты. 
Биыл еліміз үшін мерейлі жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, азат елдің жасампаз ұрпағы өсті. Бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, тәуелсіздікті нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты ауқымды істер жасалды. Тарихи оқиғалар, тағылымды істердің бұқаралық ақпаратта жариялануында сіздердің еңбектеріңіз мол. Жанкешті еңбекті,  шығармашылық зор қабілетті талап ететін жауапты жұмыстарыңыз табысты болсын! – деген облыс басшысы өңір жетістігіне тоқталып, қаламгерлердің халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып жүргенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, журналистикада өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ телевизиясының майталман – тележурналистері Нұртілеу Иманғалиұлы мен Бейсен Құранбектің, облысымыздың ішкі саясат саласында көптеген жылдар бойы қызмет атқарған әріптесіміз Гүлжиян Сүлейменова мен қарымды қаламгер, журналист Ғалым Жазылбектің жарқын бейнелері жүректе сақталатынын жеткізді.
Қазақ журналистикасы айдынында жемісті желкен көтеріп жүрген журналистерге деген аймақ басшысының ақжарма лебізінен кейін «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Шамшидин Паттеев,  республикалық «ТенгриНьюс» сайтының бас директоры Сұңқар Қарабалин, ғұмырының көп жылдарын журналистика саласына арнап, «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі болып, үздіксіз хабар таратып келген қазақ телевизиясының мэтрі Тілеуқабыл Мыңжасар,  Көксу ауданы мәслихатының депутаты, «Нұрлы Көксу» газетінің бас редакторы Айгүл Айманбекова сөз алып, БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар,  мемлекет пен қоғамның дамуы үшін маңдай терін шүмектетіп жүрген журналистер қауымына, ықыласы бөлек облыс басшысына деген алғыстарын да жеткізді.
Салтанатты шара барысында журналистика саласының майталмандарын Амандық Ғаббасұлы арнайы марапаттады. «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері және Қазақстанның «Құрметті журналисі» атағы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты жетісулық отызға жуық журналиске табыс етілді. Солардың қатарында ғасырдан асқан тарихы бар тамырлы басылым – «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансал «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталса, саналы ғұмырын ақпарат аламанына арнап келе жатқан әріптесіміз, газетіміздің аға тілшісі Гүлжан Тұрсын мен меншікті тілшіміз Ұлбосын Исабекова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тағынды. Белгілі журналист, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Болат Абаған облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.  
Қаламын қару етіп, қасиетті сөз өнері жолында еңбек етіп келе жатқан журналистердің кәсіби мерекесіне арналған жиын соңында еңбек ардагері Қанат Біржансал сөз алып, облыс басшысына деген жүрекжарды лебізін жырмен айшықтады. Өз кезегінде өңіріміздің өнерпаздары әннен шашу шашып, шара көрігін қыздырды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

22.07.2026
Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

22.07.2026
Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

22.07.2026
Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

22.07.2026
Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

22.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.