Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АНАҒА АЙТЫЛҒАН АЛҒЫС

1 наурыз 2019
КҮЛТӨБЕ
АНАҒА АЙТЫЛҒАН АЛҒЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Көктемнің арайлап атқан алғашқы таңымен бірге келген Алғыс айту күніне орай Оқушылар сарайында  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқарманың ұйымдастыруымен игілікті шара өтті.   Оған облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев пен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз бастаған  лауазымды тұлғалар қатысты. 

Талдықорғанда  көпбалалы және  әлеу­меттік көмек көрсетуді қажет ететін отбасыларға жағдай жасау, бар-жоғын түгендеу барысында жанды жұмыстар жүргізілуде.  Осыдан бір апта бұрын облыс басшысы  Амандық  БАТАЛОВ  жағдайын айта келген аналарды қабылдап,  өзекті мәселелерін тыңдап,  департамент, басқарма, мекеме басшыларына  өз салалары  бойынша  тез арада көмек көрсетуді тапсырған.  Сол арқылы тұрмыс тауқыметін тартқандарға қалталы азаматтардың көмек көрсетуіне  ұйытқы болған  бастама өз жалғасын тауып жатыр.  Оның айқын дәлелі деп облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараны айтуға болады.  Облыстағы 3 қала мен 17 ауданнан  жасы отызға толмаған көпбалалы 20 ананы бала-шағасымен  Талдықорғанға алдырып,  құрмет көрсетілді. Балаларды  күн  сайын гүлденіп,   тұрғын үйлер, жаңа нысандармен  жаңарып, жасарып келе жатқан шаһардың  көрікті жерлерін аралатты.  Арнайы көліктен түскен ұл-қыздардың  қуанышы шат-шадыман екені күлкілерінен  байқалып тұрды.  Әр ауданнан келген балалар бұдан әрі Оқушылар сарайындағы  үйірмелермен танысып, аралады.  Сарайдағы «Жұлдызды зал» бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлады. Залдағы әсерді бөліскен  балалар бір-біріне әңгімелерін айтып,  сықылықтасып  жатты.  Ұйымдастырушылар қонақтардың   бейімділігін байқау үшін сурет сабағын ұйымдастырды.  Олар қылқаламды  сөй­летіп, Тәуелсіз еліміздің бақытты ұланы екендіктерін суретпен бейнеледі. Талдықорған қаласы бүлдіршіндерінің  қуыршақ театры   жиналғандарға    көрсетілім ұсынды. Шара барысында төрт бірдей бүлдіршіннің тұсауы кесілді.  Балалардың  тұсауын облыстың Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков ата бастаған елге сыйлы азаматтар кесті. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша жастар тәрбиесіне байланысты бөлімі екіжақты меморандумға қол қойған еді.   Дәл осы күні  келісімнің  нәтижесінде  ҚМДБ-ның жанынан құрылған еріктілір тобы Ақсу ауданының Қапал өңіріне қарасты Суықсай ауылдық  округінің бөлімшесі Ащыбұлақ ауылынан Саудабековтер  отбасына үйдің кілтін тапсырды.  Екінші Талдықорған қаласының тұрғыны М. Мұқашеваға да облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанынан құрылған «Жетісу» еріктілер тобы  үйдің кілтін табыстады. Баспана тауқыметін тартып келгендерге атымтай жомарт азаматтар жылы да жарық үй сыйлап, бүлдіршіндерді шаттандырды. Іс-шара соңынан көпбалалы отбасылар облыс әкімінің Алғыс хатымен және жас кәсіпкерлер мен жомарт жүрек жандардың ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.  Осы шараның көшбасында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Жомарт Қаратастың тұрғанын айтуымыз керек. Қызметін  бастағанына бір ай ғана уақыт болған басшының  адамдық қасиетіне қаланың  аға буын өкілдері ризашылықтарын жаудырып жатты.  Оның әр  шаруаны бастарда  қоғамдық істің басы-қасында жүрген  аға буынмен кеңесіп алатыны да қуантты.  Рухы биік  жас басшының азаматтығына бәрекелді дейік! 
Жомарт жүректі жандар мен мемлекеттік мекемелердің бірлесіп жүргізген шаруасы көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың ертеңгі күнге деген сенімін арттырды. Азаматтардың беталысын бағамдасақ, әлі талай қайырымдылық шараның жүзеге асатыны байқалады. Сең қозғалды, әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдарға көмек көрсетемін деген атымтай жомарт азаматтар әлі де қол ұшын созарына сенімдіміз.

Гүлжан ТҰРСЫН

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.