Талдықорған: +12°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Апатпен аянбай арпалысқан

23.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Апатпен аянбай арпалысқан
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихтың сарғайған парақтарында Чернобыль апаты ерекше аталады. Себебі, оның тіршілік атаулыға зияны орасан болды һәм әлі күнге көптеген отандасымыз зардабын шегуде. Сол уақытта адамзаттың қасірет шекпеуі үшін күрескен тұлғалардың қатары сиреп барады. Сол апат салдарынан өмірден өткен есіл ерлердің атын атамау бүгінгі ұрпаққа сын. Тіршіліктің тұтас маятнигінің бұзылыссыз жұмыс істеуі үшін адам қолынан туындаған апатты жоюға атсалысқан асыл азаматтың бірі – Бақытжан Бақытбаев.

Кейіпкеріміз 1968 жылы қаңтар айында атасы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Бақтыбай Әлімбековтың шаңырағында дүниеге келген. Өз әкесі, саналы ғұмырын ел игілігіне сарп еткен Шәкір Бақтыбайұлы баласын Куйбышев ұжымшарындағы мектепке 1-сыныпқа береді. Мектепті үздік тамамдап 1985 жылы Алматы құрылыс институтының сәулет бөліміне оқуға түседі. Оқу орнында жүріп әскер қатарына шақырылып, Алатау ауданы әскери бөлімі арқылы бұрынғы Целиноград облысының Вечестовка қаласында барлаушы-химик міндетін атқарады. 1991 жылы әскери борышын орындап, институттағы оқуын жалғастырады. 1993-1995 жылдары Талдықорған заң колледжінде білім алады. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қалақұрылысы мекемесінде бастап, кейін Халық банкінде қызмет етеді. 1997 жылы желтоқсан айында әскери салаға мойын бұрып, бұрынғы Қапшағай қаласында №58012 әскери бөлімінде саперлік, техника байқауының бастығы қызметінде тапжылмай 28 жыл еңбек етті. Бұл салада сатылай өскен қызметі нәтижесінде қойма меңгерушісі, инженерлік техника батальоны басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Бақытжан Шәкірұлы, Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Отан үшін отқа түс, күймейсің» тәмсілімен өмір сүрді. Әскери қызметі барысында 1986-987 жылдары Чернобыль және Зайсан қалаларындағы техногендік апаттарының зардабын жоюға атсалысса, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Арыс, Тараз қаласындағы апаттардың қасіретін азайту үшін білек сыбана қызмет етті. Отан алдындағы абыройлы қызметі де елеусіз қалмады. Ерекше ерлігі мен елсүйгіштік қасиеті басым болған есіл ер еліміздің жоғары наградаларын иемденді. Кеудесінде жарқыраған орден-медальдарды тек мақтан үшін тақпады. Ұрпақты, ұлтты, жерді, Отанды сүюге бағыттау үшін жарқыратып жүрді. Әрине, Бақытжан Шәкірұлының кеудесінде батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Шапағат», «Айбын-2» медальдары үнемі менмұндалайтын.

Ел үшін туған арда азамат «Білім алу ешқашан кеш болмайды» деген ұстанымда еді. Соның айқын дәлелі Бақытжан Бақытбаев 2000-2004 жылдары Алматы қаласы әл-Фараби атындағы заң академиясын сырттай тамамдады. Тағдырға келер шама бар ма?! Ұлтын сүйген тұлға Чернобыль және Зайсан қалаларындағы техногендік апаттардың зардабы салдарынан созылмалы жүрек талмасынан дүниеден өтті. Дейтұрғанмен, «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген тәмсіл бар. Бүгінде Бақытжан Шәкірұлының артында екі ұлы мен қызы қалды. Бағлан Шәкір әке жолын жалғап, шен тағып, Алматы қаласында жол полициясы қызметін абыроймен атқарып жүр. Ал, екінші ұлы Бағдат Шәкір банк саласында еңбек етсе, қызы Айым ұрпақ тәрбиесіне белсене араласып, ағылшын пәнінен оқушылар білімін шыңдауда. Үш ұрпағынан үш немере сүйген.

Атпал азаматтың жары да әскери қызметте. Қонаев қаласындағы 58012 әскери бөлімінде абыройлы еңбек етуде.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.