Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

10 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕ
ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының іргесіндегі Еңбек ауылында қарилар даярлайтын орталық ашылып, мұсылман қауымын қуанышқа бөледі. Жергілікті азаматтар мен қайырымды жандар демеушілік жасаған медресенің ашылуына елімізге белгілі имамдар мен дін ғалымдары қатысып, жүрекжарды тілектерін арнады.


Атап айтқанда, Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміренің оқыған құранынан соң басталған салтанатты ашылуда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық және «Уақып» қорының бөлім меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев Талдықорған жеке қайырымдылық мекемесінің (қарилар даярлайтын орталық) директорын тағайындап, бағалы сыйлық табыстады, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Алматы қалалық өкіл имамы Еркінбек Шоқаев, дін ғалымы Бауыржан Әліұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Әсет Ұзақбаев, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт  Қаратас ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ Оразбаев кезекпен сөз сөйлеп, көпшілікке тілек арнады.

– Ел арасында «Жетісу – жер жаннаты» деген жақсы сөз бар. Ендеше сол Жетісу халқын бүгінгі қарилар даярлау орталығының салтанатты ашылуымен құттықтаймыз! Бұл жалпы мұсылман қауымы үшін қуанышты күн, – деген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық және «Уақып» қорының бөлім меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев бас мүфтидің құттықтауын жеткізді. – Өйткені, бұл күн ертең тарихта қалады. Біз Жаратқан Алла тағаланың жердегі үйі – Еңбек ауылдық мешітінің жанынан ашылып жатқан қарилар даярлайтын орталықтың ашылуына куә болып тұрмыз. Тарихқа аздаған шолу жасайтын болсақ,  Жетісу өңірі елдің игілігіне қызмет етіп келе жатқан болыстар мен билердің, ақындар мен батырлардың шыққан жері екендігін көреміз. Осы өлкеден шыққан бабаларымыз дінді берік ұстанған. Сондай бабалардың жолын жалғау үшін, дәстүр мен діннің сабақтастығы ретінде ашылып отырған қайырымдылық орталығының мақсаты өскелең ұрпағымызды ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді көздейді. Елге, халыққа қызмет етсін деген мақсатта ашылып отырған қарилық мектебі Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы қайырымдылық мекемесі. Орталықта көпбалалы және аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылардан шыққан балалар білім алады. Ең алдымен имандылық орталығы өзге де жақсылық пен игіліктің бастауы болсын деп тілейік. Орталықта білім алған балаларды ұлағатты, иманды, халыққа адал қызмет ететін ұрпақтар қатарынан болуды нәсіп етсін!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы жаңа ғимараттың лентасын өңір ақсақалдары мен құрметті қонақтарға қидырып, орталықты таныстырды.

Мәди Әсетұлы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.