Денесі үтікке күйген Роман Поляниннің жарасы жазылып келеді. Ал балаға үтік басты деп айыпталған тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кетті.
Жеткіншектің әкесінің айтуынша, Романның жағдайы жақсы. Жарасы жазылып келеді. Күдікке ілінген орталық қызметкері өз еркімен жұмыстан кетті.
Бейімдеу орталығының басшысы оқыс жағдайдың абайсызда болғанын айтады.
“Қасақана жасалған дүние емес. Балалардың ойнайтын бөлмесіндегі үстелдердің жан жағына лента жабыстырып, соның сыртынан үтікпен қыздырған, қыздырмаса ол ұстамайды. Тәрбиеші үтікті ұстап кетіп бара жатқан кезде бір бала басына жамылғы жамылып жатқанын көреді. Тұншығып қала ма деп кірген. Сол кезде артқы жағындағы бала тұрып қалғанда, яғни абайсызда сондай жағдай болған», – деді Жетісу облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Ерлан Сансызбаев.
Романның әкесі оқиғаның түстен кейінгі уақытта болған деп болжайды.
“Роман ұйықтамай қойған болуы керек, жанындағы бөлмеден үлкен қызым дауысын естіпті. Содан тәрбиеші ашуланып, осылай жазалаған. Бұл – жазатайым оқиға емес. Келіншегім ұзақ ауырды, содан балаларымыз сол орталыққа түсті. Жақында жұбайым қайтыс болып кетті, енді балаларды әжесі екеуміз қараймыз”, – дейді баланың әкесі.
Еске салайық, Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда полицейлер жергілікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалардың азапталуы туралы арыз бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Қазақстандық әйел апелляциялық шағымына 9 жасар әпкесімен бірге Талдықорғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында екі айға жуық жатқан 7 жасар баланың денесін күйік шалған фотосуреттерді қоса берген. Сондай-ақ зардап шеккен баланың анасы жақында қайтыс болғаны белгілі болды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ. ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЕТІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІНЕН ҮТІКТІҢ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ