Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қауіптен сақтан

19 мамыр 2024
КҮЛТӨБЕ
Қауіптен сақтан
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл басталғалы облыс аумағында 1 орман және 14 далалық жердің өрті тіркеліпті. Қызыл жалын 46,5 гектар аумаққа жайылған. Өткен жылдың дәл осы уағына қарағанда тілсіз жаудың тигізген залалы да, саны да едәуір аз. Бірақ, бұл тоқмейілсуге негіз емес. Апат айтып келмейді. Осы ретте облыстық төтенше жағдайлар департаменті, құқық қорғаушылар, орман шаруашылығының өкілдері мен «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері бірлесіп жазғы тынығу орындарында үгіт-насихат жүргізуде. Мұндағы мақсат – тұрғындарды демалыс аймақтарында от жағуда абай болуға шақыру.

Жыл басталғалы төтеншеліктер мұндай шараны 43 мәрте өткізіпті. Бәлки, өңірде қызыл жалынның азаюына осы сеп болуы да мүмкін. Соған қарамастан беталды от жағып, онысын қараусыз қалдырған жандар да бар екен арамызда. Мәселен, бір өңір тұрғынына «отпен ойнағаны» үшін әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынған.

Шараға қатысушылар қала маңындағы демалыс орындарын шолып шықты. Еріктілердің айтуынша, бізде демалу мәдениеті өте төмен екен. «Жастар рухының» белсенді мүшесі Динара Төлеуқазы әрбір адам табиғат аясында сейіл құрғаннан кейін айналасына қоқыстарды тастап кетеді-мыс. Әсіресе, шыны бөтелкелер құрғаған шөп үстінде қалса өрт көзіне айналады. Оның сөзін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Еламан Әубәкіров те қуаттайды.

 – Орман мен тоғай жер шарының өкпесі деп жатамыз. Бірақ, тұрғындар табиғатты қорғауға бейжай қарайды. Демалуға келген соң маңайды таза ұстау керек. Өрт көзіне айналуы мүмкін қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып тастаса қауіп сейілер еді. Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – табиғат аясына шыққандарға ескерту жасау, от көзін өшіріп кетуге үндеу. Бірнеше демалыс орнын аралап шықтық, әзірге ешқандай қауіпті жағдайларға ұшыраспадық. Алдағы шуақты күндерде қала тұрғындары орманды аймақтарға ағылады. Әрбір адам қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі үшін насихаттық шараларымызды күшейтеміз, – дейді Е. Әубәкіров.

«Қайың шоқтығы» демалыс орнының қызметкері Мөлдір Жібітаева мұнда келушілерге қауіпсіздік мәселесін жіті түсіндіреді екен. Қызметкерлер демалушыларды үнемі бақылауда ұстайды-мыс.

 – Тұрғындарға табиғат аясында демалу қызметін ұсынып отырғаннан соң қоршаған ортаны таза ұстауға, өрт қауіпсіздігін болдырмауға тырысамыз. Оның үстіне төтеншеліктер бізге жиі келіп, демалушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазір науқан енді қызып келеді. Жазда, әсіресе, демалыс күндері тынығуға келушілер артады. Сақтық шараларын күшейтеміз, – дейді М. Жібітаева.

Орман және далалы алқапты өрттен сақтау тек төтеншеліктердің міндеті емес. Әрбір тұрғын қоршаған ортаны тілсіз жаудан қорғауға құлықты болуы тиіс.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: qyzyljarnews.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01
Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.