Талдықорған: +34°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ҚАДІРЛЕУДІ ҮЙРЕТТІ

28.02.2019
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ҚАДІРЛЕУДІ ҮЙРЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

ХХ ғасырдағы қанды оқиғалардың – бірі сталиндік қуғын-сүргін. Тұтас халықты атамекенінен қуу қасірет емей немене?! Грузия жерінің Ахысқа өңірін мекендеген түріктер сондай халге тап болды. Шекаралы аудан, Түркияға жақын деген сылтаумен қатыгез шара іске асырылды. Қызыл өкімет ешкімді аямады. Бала-шағаның, әйелдердің, қарттардың көз жасына қарамады. Сол оқиғаның кейіпкеріне айналған, азабын көрген Әулеттердің бірі – Абибовтар отбасы.

 

Атасы Мұртаза мен әкесі Мамедті Осман Абибов жиі еске алады. Жетпісті алқымдаған қадірменді қария Бәйтерек ауылының тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы. Өткен күндердің шежіресі Осман Мамедұлының көкірегінде сайрап тұр.

– Мен 1950 жылы дүниеге келдім. Әкем Мамедтің айтқандары Әлі күнге дейін жадымда сақтаулы тұр. Оны ұмыту мүмкін емес. Бұл әңгімелерді ұл-қызыма, ұрпағыма үнемі айтып отырамын. Ол менің әкелік және аталық парызым, – деп әңгімесін бастады Осман қария.

1944 жылдың қараша айында Ахысқа өңіріне қарулы Әскерлер сау ете түседі. Сталиннің бұйрығы бойынша мұндағы түріктер дереу Кавказдан көшірілуі керек екен. Осыған дейінгі сіңірген еңбектер, алған марапаттар жарамсыз болып қалды. Дәп бір қылмыскерлер секілді тұрғындарды алдыға салып топырлата айдаған. Мұндай сұмдықты көрмеген жұрт қатты күңіренеді.

Кім не істеп қойды, оны өздері де білмейді. Себебін ұқтыратын, өтініш-арыздарды тыңдайтын құлақ тағы жоқ. Талап етіп басын көтергендер табанда атылып жатты. Пойыздың мал таситын вагондарына тиеліп, қалың ел белгісіз бағытқа қарай жол тартты. Тірнектеп жинаған дүние, үй-жайлары бәрі иесіз қаңырап қалды. Көпшілік түйіншектерін ғана көтеріп, көз жастары көкіректеріне тамшылаған күйі тағдырға мойынсынды.

– Қасірет пойызы өгіз аяңмен жүріп отырып, қазақ жеріне де табан тіреді. Біздің әулет тоқтаған жер Сарығаш өңіріндегі Жылға стансасы екен. Осы туралы айтқанда Әкем Мамед әрі өкситін, әрі жадырайтын. Өкситіні – бір-ақ күнде бейшара халге түскені. Жадырайтыны – бұл жерде пейілі кең, жаны жомарт қазақ халқына жолыққаны. Олар сен кімсің деместен үйлерінен орын берді. Бір күлшені бөліп жемей, тамақтарынан ас өтпеген. «Сондағыдай тәтті күлше нанды ешқашан көрмеппін» дегенді әкем жиі айтатын, – дейді Осман Мамедұлы өткен күндерін есіне түсіре отырып.

Жолдың азабы адамдарға оңай тиген жоқ. Соның салдарынан Мамедтің әкесі Мұртаза және екі бауыры айналасы бір-екі айдың көлемінде дүниеден озады. Он сегіздегі жас жігіт енді өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет келеді. Ұзамай Тасқұдық ауылына ауысады. Мұндағы қазақтар да шеттерінен бауырмал болып шығады. Мамед те еңбегімен ел құрметіне бөленеді. Аз уақыттың ішінде көзге түсіп, озат механизаторлардың қатарынан көрінеді.

– Тұрмысы түзелген Әкем 1949 жылы отау құрып, Нәдия атты қарашайлық қызбен некелеседі. Бұл кезде ауыл тұрғындары оның екінші Әулетіне айналып кеткен екен. 1950 жылы дүниеге тұңғыш перзенті мен келіппін. Бір шаңырақтан үш ұл, алты қыз өсіп, өркен жайдық. Екі ұлттың татулықтары сондай, бір ауылдағы жұрттың қайсысы қазақ, қайсысы түрік екенін сырттан келген адамдар ажырата алмапты, – деп күледі Осман қария.

1957 жылы Абибовтар отбасы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Алға ауылына қоныс аударады. «Әліппені» қазақ мектебінде ашады. Осындағы қатар құрбысының ішінде Әлімжан Бостанов деген баламен өте жақын араласқан екен. Сол жақындық ары қарай жалғасын тапқан. Бұл да кейінгілер үлгі алатын үлкен өнеге.

Осман Мамедұлы Талғардағы ауылшаруашылық техникумын бітіріп, еңбек жолын бригадирліктен бастайды. Уақыт сынынан сүрінбей шыңдалады. Жоғары білімге ие болып, ұжымшарды басқарады. Ерен еңбегі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанады.

1981 жылы Бәйтерек ауылдық кеңесінің төрағасы болады. Әрі қарай да елдімекеннің көркейіп гүлденуіне өзінің зор үлесін қосты. Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырған жоқ. Қазір ауылдағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Бір ұл, үш қыздан тараған ұрпақтарының қуанышына кенеліп отыр. Өзі жүрген жердің бӘрінде ұлттар достығын насихаттайды. Әсіресе қазақ халқына деген құрметі ерекше.

– Әкем Мамед балаларына қазақ халқын қадірлеуді, Қазақстанға адал қызмет етуге өсиет етті. Бұл аманат біздер үшін өзгермейтін қағида. Алғыс – қасиетті сөз. Ол жүрек қалауымен ғана айтылады. Біздің қазақ халқына тағзым етіп, алғыс айтуымыздың түбінде терең сыр жатыр, – деп Осман Мамедұлы пікірін түйіндеді.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026
Шегірткемен күрес күшейді

Шегірткемен күрес күшейді

23.06.2026
Қапалдан қала табылды

Қапалдан қала табылды

23.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева: Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді

23.06.2026
Желіде жалған ақпарат пен арандатуға қарсы бақылау күшейтіледі

Желіде жалған ақпарат пен арандатуға қарсы бақылау күшейтіледі

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.