Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстандық ұстаным

14.01.2022
КҮЛТӨБЕ
Қазақстандық ұстаным
WhatsAppTelegramFacebook

 Кейінгі жылдары әлем жұртшылығы экологиялық мәселелерге батыл ұстаным таныта бастады. Өйткені, адам баласы жеке басының қажеттілігін ғана емес, Жер шарының амандығын ойлайтын уақыт жеткенін енді түсінді. Әрине, экология – мемлекетке, ұлтқа, руға бөлінбейтін құндылық. Тіпті, еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін бәріне ортақ, өмірмен өзекті тақырып. Себебі, біз саналы адам ретінде әлемге қаншалықты өктем өзгерістерді жасасақ та, қоршаған ортаның алдында дәрменсіз екенімізді енді түсіндік. Сондықтан Жер шарын қорғау жолындағы күрестерде тұтас адамзат баласының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ынтымаққа келу керектігін шарасыз түрде мойындадық.

Бүгінгі таңда экологияның бүлінуінің себеп-салдарын іздегендерді мынадай екі топқа жіктеуге болады. Біріншісі, ішкі өзен-көлдер мен теңіздердің сарқылуына, климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынуға өнеркәсіп және адам әрекетінің әсері негізгі себеп болып тұр дегенді жоққа шығаратындар. Бұл топтағылар жаңағыдай келеңсіздіктерді Күн жүйесін айналатын планеталардың әлмисақтан бергі заңдылығының бұзылуы туындатып отыр деп қарайды. Олардың пікірін көпшілік ақымақтық пен қате болжам деп санайды. Сондықтан Галилей мен Коперниктің бірнеше ғасырдан бұрынғы ғылыми пікірлері әлі де оқулықтардан түспей оқытылып келеді. Жуырда планеталар қозғалысының жаңа заңдылығын қуаттаған неміс ғалымдары әлемдік қауымдастықта үлкен сынға ұшырады. Керісінше, адамдар әлі де экологияның бұзылуына өнеркәсіптің өркендеуі, ғылым техниканың дамуы, жер байлығының мөлшерден тыс пайдалануын кіналайды.

Енді бір топтағылар – жоғарыдағы өзгерістер мұздықтың қалыпты мөлшерден тез еруінің әсерінен туындаған жағдай деп қарайды.  Бүгінде Жер шарында жоқ болып кеткен, жоқ болып бара жатқан теңіз, өзен-көлдер жетерлік. Айталық, Маңғыстау теңіз орнының шөлге айналуы, Арал қасіретінің орын алуы осының дәлелі. Мұндай мысалды әлемнің әр тұсынан тауып алуға болады. Қытайдың Шығыс Түркістан аумағына орналасқан  Такламакан шөліне соңғы үш жыл қатарынан қар жауды, ал биыл жазда топан су жүріп, мұнай кеніштері неше күн жұмыс тоқтатты. Ал Жоңғар шөлінің оңтүстік жиегінде бірнеше көл пайда болды. Соңғы үш жыл бойы Алматы тауларындағы мұздықтардың қалай тездікпен азайып бара жатқанын көріп жүрміз.

Бұрындары алажаздай тамшы тамбайтын шөлейтті жерлерге толассыз жаңбырдың жауғаны, әрине, жақсылықтың нышаны емес. Бұл экологияның жақсарып келе жатқанын да көрсетпейді. Қайта мұздықтардың мөлшерден тыс еруінің әсерінен пайда болған құбылыс.

Әрине, шөлейтті жерлердегі жауын-шашынның көбеюі муздықтардың жылдам еруінің әсерінен туындаған дүние. Есесіне, қоңыржай белдеулі өңірлерде алажаздай бір тамшы жаңбыр тамбай, қыс бойы жылы ауа райы бірнеше жыл қатарынан орын алды. Мұздықтар еріп біткен соң көлдер тартылып, нағыз алапат қатер сол кезде орын алады. Осы кезде кейбір жер мәңгілік  шөл далаға айналса, енді бір жерді топан су басады.

Экологтардың болжауынша, еліміздің Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары болашақта толық шөлге айналатын өңірлер санатына кіріп отыр. Бұл жағдай тек бізге қатер төндірумен тоқтамауы мүмкін. Көрші Өзбекстан, Түркіменстан және жерінің шөлейттенуі алдыңғы орында тұрған Тәжікстан тұрғындары түптің түбінде Сібірге қоныс аударатын болады. Сөзсіз туындауға тиісті осындай алапат апаттардың алдын алу үшін әр ел өзінің ұтымды әдістерін қолданып, қауіп-қатерден сақтанудың шараларын қарастыруда. Мысалы, Қытай кейінгі жылдары өзен-көлдерді ішкі айналымға ауыстыру үшін ғасырлық жобаларды қолға алды. Ал еліміздің оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке көшіру стратегиясы әлеуметтік немесе демографиялық жағдайға байланысты емес, экологиялық тұрақсыздыққа байланысты қабылданған шешім деп ойлаймын.

Осы тұста Орталық Азия елдерінің «Орталық Азия: 5 Ел, 1 өңір, 1 дауыс» жобасы климаттың өзгеруіне қарсы күресте жеңіске жету, тұрақты дамуға жәрдемдесу, өз елдеріндегі халықты ұстап тұру және ішкі және сыртқы климаттық көші-қонды азайту үшін маңызды екендігін айтқымыз келеді. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бұл мәселені БҰҰ Бас Ассамблеясының биік мінберінде бірнеше рет көтерді. Алайда бүгінгі таңда оған ерекше назар аударылды деп есептей алмаймыз. Саяси, құрылықтық, экономикалық бәсекелестік кедергі жасап жатқан болуы да мүмкін. Біздің ойымызша, егер бұл жоба шынымен де ойлағандай жүзеге асса, Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға, жаһандық жылыну қатерін тежеуге, Париж келісімінің мақсатына қол жеткізуге, пандемиядан кейін қалпына келтіруге және өңірдің бейбітшілігі мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатындағы инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді сынақтан өткізу алаңы бола алады. Бұл адамзат үшін жақсылықтардың жаршысы болмақ. Экологиялық мәселелерді шешудегі қазақстандық ұстанымның түйіні де осы.

 

Қажет АНДАС,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026
Алимент енді арнайы шотқа аударылады

Алимент енді арнайы шотқа аударылады

24.07.2026
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.