Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы конгресс-орталыққа барды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Саммит басталар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушы елдердің басшыларымен бірге естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдету, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік пен интеграция мәселелері талқыланады.





