Талдықорған: +25°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЖЫРАСУ — АЛЛА СҮЙМЕЙТІН ІС

16.06.2024
КҮЛТӨБЕ
АЖЫРАСУ - АЛЛА СҮЙМЕЙТІН ІС

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, өзіндік салт-дәстүр, тәрбие үлгісімен ерекшеленетін халық. Сөйте тұра «ажырасу» деген індет елімізде кең етек алуда. Жастар құдды ажырасу үшін үйленетіндей. Неге? Бұл мәселе елінің болашағын ойлайтын әрбір қазақты ойландыратыны, толғандыратыны анық.


Расында бүгінгі күні отбасы құндылығын төмендетіп жүргендер жетерлік. Оған Отан деген маңыз- ды ұғымның дәрежесін  түсіріп, өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашатын әке мен ана кінәлі. Өзара түсініспеушіліктен адам депрессия, стресс, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық, суицид сынды аты жаман бәлелерге душар болады. Онымен қоса, толыққанды әке мен ананың махаббатына шомылып өспеген бала қоғамда өзін таба алмай қиналатыны да белгілі. Мінеки, бір ғана ажырасудың өзі талай бәлеге ұрындырады.

Осы күні отбасын құрып, 1-2 жылда ажырасып кететіндер көбейді. Олардың айтары «мінезіміз келіспеді, бір-бірімізді дұрыс тани алмаппыз, келін болып жарытпады» деген қиқу әңгіме ғана. Ал, сондай сөзді айтатын жандар кішкентай ғана мемлекеттің қирауына өздері себеп болғанын толық түсіне алмайды.
Шаңырақ құрар алдында жастар өзара келісіп, бір-бірінің мінезін танып, болашаққа деген көзқарасын айқындап алса, көптеген кикілжің мен ажырасудың алдын алар ма еді?! Әрі қазіргі жастардың бір-біріне көңілі толмайды. Қыздар жігіттерді айтып сынаса, жігіттер қыздарды сынға алады. Онымен қоса, үйленерде өздеріне биік талап қоятын адамдар үй болғаннан кейін бірден ажырасуға шешім қабылдай салады. Құдды ажырасу оңай нәрсе сияқты. Көп жағдайда ата-ана баланың болашағын ойламай, өзіндік ұстанымдарын жоғары қойып, асығыс шешім қабылдап жатады. Баланың әкеге деген жеккөрініші, анаға деген сыйластығының төмендеуі осы ажырасудың салдарынан шығады.

Жоғарыда айтқандай, қазіргі жастар болашақ жарына тым жоғары талап қояды. Оның адамгершілік қасиеті мен түр-сипатын айтпағанда, материалдық деңгейін, одан қалса отбасылық жағдайын алдын ала зерттеп отырады. Бұрын тек қыздар ғана осындай ұсақ-түйекке бас ауыртады деуші едік. Бүгінгінің еркектері де алатын қызының қаржылық жағдайы- на баса мән беретін болған. Қазіргі тілмен айтқанда оларды «альфонс» дейді немесе қазақшасы «күшік күйеу». Расында ақшасы жоқ еркек әйелінің қолына қарап қалатыны өтірік емес. Мына заманда ақшаң жоқ болса асырап отырған отбасыңа да сөзің өтпейді. Өмірде  мамандық және жар таңдаудан қателеспеу керек. 

Иә, дін тұрғысынан айтсақ та ажырасу Аллаға ұнамды іс емес. Себебі, қиылған некені бұзу, Алла алдында берген антыңнан, серттен тайғаныңмен тең. Елімізде әйел адам тұрмысқа шыққанда өзін құлдыққа келгендей сезінеді. Неліктен?! Себебі, отау құрмас бұрын еркек адам болашақ жарын сондай өмірге дайындайды. Әрине, бұл біржақты ғана көзқарас. Бірақ көп жағдайда ажырасуға себеп болатын нәрсе – отбасылық қысым. Адамның көбіне агрессияға ұшырауы отбасыдағы тыныштықтың болмауынан. Жан-жарынан қолдау көрмеген, оның өзіне деген махаббатын сезінбеген адам әркез ашушаң болатыны әрі жанға жылу сыйлайтын сезімдерді сырттан іздейтіні жасырын емес. Нені меңзеп отырғанымыз оқырманға айтпасақ та белгілі шығар. 

Шариғатта күйеуінің разылығын алған әйел Алланың разылығын алғанмен тең деген тәмсіл бар. Осы сөзді біздің қазақтың жігіттері «өмірлік ұстаным» етіп алған деседі. Яғни, өз ыңғайларына келтіріп,  әйелінің алдындағы міндеттерін жоққа шығарады. Ал, асыл дінімізде ер адамның аманаттап алған жарының алдында атқарар қыруар міндеті бар екенін кейбір мықтылар ұмытуда. Көп дүниені сараптап, саралай алмайтын ер-азаматтар қоғамда үлкен резонанс тудырып, талай жауабы жоқ сұрақтардың  санын көбейтіп тұр. 

Таяқтың екі ұшы болатынындай, ажырасқан жандардың да өз шындығы бар. Дегенмен әйелдер де ерлерінің алдындағы дәрежесін төмендетіп алмауы керек. Еркекті бас, өзін мойын екенмін деп, қайда бұрсам сонда барады деген бұрыс ойды санадан сылу қажет. Күйеуін өз ырқына бағындырып, кейін содан зардап шегетіндердің көбі нәзік жандылар. Онымен қоса ұлттық құндылықтан шеттеп, рухани болмысты жоққа шығарып, қазақы менталитетті бұрмалап алатын жастардың көбі түбінде ажырасуға оңай шешім қабылдайды.

Дүниежүзілік статистика бойынша Қазақстан ажырасудан 2-орында тұр. Бұл халқымыз үшін үлкен қасірет. Адам бойындағы асыл қасиеттің бірі – парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтас- тықпен берілетін тектілікті болмашы нәрсеге бола шаңырағын шайқалтып, отбасын ойрандатушылар жоюда.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы АХАЖ басқармасының мәлімдеуінше, жыл басынан бастап облыста 124 азамат ажырасуға арыз берген. Бұл небәрі 4 айдағы көрсеткіш.

Отбасы. Бұл ұғым оттың басы деген сөзден шыққан. Яғни оттың басы – әке. Отбасы – жеке бір мемлекет. Жақсы отбасы тәрбиелеп шығару, бұл қоғамға берер үлкен үлесің. Зиялы, сауатты адам отбасын құрарда ақылға жүгінеді әрі отбасында кездесетін келеңсіз нәрселерді болдырмайды. Қандай да бір қиын жағдай орын алып, шаңырақ шайқалар болса, оны сақтап қалуға барынша тырысу екі жақты қарастырылуы қажет. Ең бастысы, ортаға адам салмау.

Айғаным АЙТМҰХАН

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.