Қазақстанда кей банктер пайыздық мөлшерлемелерін көтеріп, кейбірі тек серіктестік бағдарламалар арқылы ипотека бере бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтергеннен кейін бірқатар қаржы ұйымы ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатқан еді. Алайда бүгінде кей банктер жаңа шарттармен ипотеканы қайта ұсынып отыр.
«Крыша» порталының дерегінше, ипотека нарығы тоқтаған жоқ, бірақ құрылымы өзгерді. Бұрынғы төмен мөлшерлемелі классикалық бағдарламалардың орнына құрылыс компанияларымен серіктестік және кепілмен қамтамасыз етілген біріктірілген өнімдер келген.
Қай банктер ипотека беріп жатыр:
-
Halyk Bank бастапқы нарықтағы пәтерлерге серіктестік ипотека ұсынады. Екінші нарықтағы үйлерге өтінім қабылдау қайта басталған, мөлшерлеме – 20–25 пайыз.
-
Банк ЦентрКредит ипотеканы қайта енгізді, жылдық мөлшерлеме 20–25 пайыз.
-
Freedom Bank стандартты және каскадты ипотекалық несиелер бойынша техникалық баптау жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда тек «7-20-25» және серіктестік бағдарламалар арқылы несие алуға болады.
-
Altyn Bank әзірге тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйлерге серіктестік ипотека ұсынып отыр.
Қазір қазақстандықтарға ипотека алу мүмкіндігі бар, бірақ несие беру шарттары бұрынғыдан қатаң әрі мөлшерлемелер жоғары болып отыр.





