Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАСПАХАНА БІЛГІРІ

27.06.2021
КҮЛТӨБЕ
БАСПАХАНА БІЛГІРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тынық тұрған үлкен ғимараттың есігінен ентелей енгенде танауға қағаз иісі бірден жетеді. Құмарлана тыныстап, абажадай бөлменің жүрегіндей дүрсілдеп қоя берер баспа станоктарының іске қосылуын күтіп тұрып баспа үйіндегі азаматтармен шүйіркелесесің. Солардың сапында маңызды әңгіменің мәйегін мелдектете төгетін, көп айтпаса да дөп сөйлер Нұрахмет Бексейітов атты электрик-механикпен тілшілер қауымы етене.


Қанша уақыттан бері тілшілермен тонның ішкі бауындай араласып кеткен, «бір терінің пұшпағын» илесер сол бір азаматтың өз ісіне деген жауапкершілігіне әманда сүйсінеміз. Адамгершілік қасиеті алабөтен деп айшықтамасақ та кісілігі келбетінен көрініс береді. Жүрісі орнықты. Сабыр мен тағаты тіршілігіне шегенделген. Аптасына үш мәрте жарық көрер 2 облыстық, аптасына тарайтын 1 аймақтық, өңірлерге ақжолтай хабар арқалап аттанар 7 аудандық, 2 қалалық, 5 жекеменшік газеттің сапалы әрі уақытында шығуына жауапты жанның бірі.

Сонау 1994 жылдан бері «Офсет» баспасында маңдай терін шүмектетіп келе жатқан Нұрахмет Бексейітов өзіне артылған сенім өресінен биік тұрғыда еңсе көрсетпесе, төменшіктеп көрген емес. Еңбегіне барынша адал. Баспада қызмет етіп келе жатқанына аттай отыз жылға жуықтағаннан ба, ішкі мәдениеті, тіл орамы, мінезіндегі сырбаздық та ақпарат айдынында жемісті желкен көтерген журналистерге келіңкірейді. Арагідік астарлы әзілге де бір иығы тартып тұрады.
– Баспа саласына артылған өзіндік жүк, өзгеше жауапкершілік бар. Соны жан-жүйеңмен сезіне білсең болғаны. Баспадан оқырман олжасына айналар өңірдегі газеттер күн құрғатпай шығып жатады. Соның әрбірінің бояуы қанық, сапалы болып басылуына жауаптымыз. Сондықтан да өзің секілді кезекші редакторлармен басылымның тыныс белгісіне дейін мұқият болуға, журналист кемшілік аңғарса станоктарды жедел тоқтатып, кемшіліктің орнын түзеуге, сөйтіп басылым оқырманға «жұтынған» күйде жолдануына мүмкіндік жасаймыз, – дейді кейіпкеріміз.

Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірлік міндетті адал атқарып келе жатқан журналистердің мазасыз тіршілігі, әрбір мақаласы қоғамның үні секілді елестейді. Тоқсан ауыз сөзді түгел тізбектей бермей тобықтай түйінін айтсақ – тіршілік ырғағын қағазға айнытпай бедерлер тілшілер – сөз ұстаған жандар. Ал сөздің киесі мен қасиеті бөлек. Міне, осы көзқараста мық шегедей нық тұрып келе жатқан Нұрахмет сөз құдіретіне бас иеген жандардың бірі.

– Адал еңбек адамды алға жетелейді, өмірін шуаққа бөлейді. Саналы ғұмырдың жартысына жуығын осынау газеттің ғажайып иісі аңқыған атшаптырым баспада өткердім. Сондықтан да мен қаламын қару еткен журналист қауымының адал еңбегін, ел үшін, руханият үшін тер төгуге түрткі болған ақ сезімін жақсы білемін. Құрметтеймін, – деген толғаныстағы Н. Бексейітов әріптестері ортасында сыйлы, абыройлы адам. Ол қашанда баспа ісі өндірісінің дамуына біркісідей атсалысып келеді. Ақжолтай хабарды әр парағына қондырып оқырманға жол тартқан газеттің келер саны басылымға даяр болғанша Нұрахмет аға тынбастан станоктарының ақауын ретке келтіріп, бүлінген жері болса жамап-жасқап жұмысқа әзірлейді. Сондықтан да, өңірдегі басылымдар бір сәт іркілмей, тежелмей ұзақ жылдардан бері оқырманымен қауышып келеді.

Адам болмысында бекзаттық, дегдарлық қасиеттің болуы өмір деген ұлы өзенде көкірек көзін ашып жүрумен тікелей байланысты болса керек. Ауыл адамдарының ішкі жан толқынысын алаулата бедерлеп, асқақтата суреттейтін әлем классигі В. Распутин осылай топшылаушы еді. Сол айтылғандай, өмірдің талай кезеңінде адамдық асқақ болмысын айшықтай білген Нұрахмет отбасында да асқар тау әке, асыл жар ретінде үлкен құрметке ие. Жүзіне жылылық шуақтап қалған кейіпкеріміз қасиетті қазақ журналистикасына өз саласы бойынша азды-көп еңбек сіңіріп келе жатқан, газет иісін дүниеде ерекше жақсы көретін, алдына келген адаммен еменжарқын тілдесетін кең жүректі жан. Ендеше, баспа өндірісіне өмірінің отыз жылға жуығын арнаған ардақты жанға ғасыр жастың белесіне салиқалы кейіпте көтерілсін деген ақ тілегімізді арнаймыз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.