Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бақылаусыз бала қараусыз бұтақ сияқты қисық өседі

25.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Бақылаусыз бала қараусыз бұтақ сияқты қисық өседі

Қаныңыз қайнап көрді ме? Қан қайнамайды ғой, қайнаса адам өлмей ме? Жоқ, қан қайнайды. Армстронг биіктігіне (шегіне) көтерілгенде 37 градуста адамның денесіндегі бар сұйықтық қайнай жөнеледі. Шамамен теңіз деңгейінен 18-19 шақырым биіктікте. Егер осындай биіктікке көтерілгенде қорғаныш киімі болмаса, құрыды дей беріңіз.

Ал енді қан қайнататын жайтты оқыңыз:

Жетісуда ересек адам мектеп оқушысын жезөкшелікке салған;
Қызылордада жасөспірімдер мектеп оқушысын өлімші етіп сабаған;
Түркістанда 15 жастағы қызды жауыздықпен өлтіріп, мүрдесін суға ағызып жіберген;
Алматы облысындағы Саты ауылында жоғары сынып оқушысы 10-сынып оқушысын ұрып өлтірген. Артынша қайтыс болған оқушының сыныптасы өзіне қол салған;
Өскемендегі қыздар төбелесі…

Бұл соңғы бірер аптада орын алған жасөспірімдер арасындағы оқиғалар (Газет-журналдардан, әлеуметтік желілерден оқып, теледидардан көрген шығарсыз). Қаныңыз Армстронг биіктігіне көтерілмей-ақ қайнады ма?! Қайнамай ше? Болашағын баласына байлаған ұлттың ұрпағы айдың-күннің аманында бүлініп жүр. Бүр болып, қауыз ашпай, бірі  былығып, бірі  өліп жатыр. Кінәлі кім? Қоғам? Ұстаз? Директор? Құқық қорғау саласы? Тым көп сұрау белгі. Біз кінәліміз! Ата-ана! 

Әдет қалыптасқан. Мектеп оқушысы бұзақылық қылса – ұстаз кінәлі. «Алты Алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі» деген Мағжан ақын сөзін бұрмаласақ, өкпелей қоймас, өйткені оқушы былық қылса алты Алаш тұрмақ, Қазақстандағы 130 ұлыстың басы қосылса да жаза мұғалімдікі болып тұр. Қоғам солай. 
Неге? Өйткені, ата-ана жауапкершілікті сезінбеуде. Біз сезінбей жүрміз. 

Торғай деген мақұлық бар. Ұясына жылан жылыстап келсе, өзін бауырымен жорғалаушының аранына құрбан етуге дейін қарекет қылады!

Қозысына ит ырылдаса, шамасы келмесе де қой жер тепсінеді!

Ал біз ше? Көпке топырақ шашуға болмас, бірақ көп жұрт ұрпаққа тәрбие беруді асыраумен шатастырғандай. Баласын жылтыратып киіндірсе, соңғы үлгідегі смартфонды әперсе бәрі жеткілікті көрінетіндей. Бірақ, балаға әуелі тәлім керек. Дала данышпаны әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» депті. Мектеп мұғалімі оқушыны тәрбиелемейді емес, біліммен қатар тәліммен де сусындатады. Бірақ, тәрбие бастауы – отбасы. Дана жұртымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөзі бар. Бала көргенін, көңілге түйгенін істейді. Өйткені, алғашқы тәлімгері – ата-анасы. Бала үшін әрдайым әке-шеше жауапты. 

Ендігі қарекет қандай?

Әркім баласының немен айналысып жүргенін бақылауы тиіс. Бақылаусыз бала қараусыз бұтақ сияқты қисық өседі. 
Баланың немен әуестеніп жүргеніне назар салу керек. Әуестік жақсы болса – құп, жаман дүниеге әуестік – жұт. Балаңыздың әлеуметтік желісін парақтаңыз, кіммен байланысы барына назар салыңыз. Жөнсіздерге жем болмауын қадағалаңыз.

Балаңызда бос уақыт болмауын қамтамасыз етіңіз. Хакім Абай: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», – демей ме?! Балаңызды түрлі үйірмеге беріңіз. Кітап оқуға бағыттаңыз. Үй шаруасындағы жұмыстарды орындатыңыз. Спортпен шұғылдануға машықтаңыз. Уақыты жоқ бала өзгемен әуестенбейді, есесіне ұрпағыңыз кемелденеді. Желіге ретсіз жегілмейді.

Бұл – қазіргі психологтардың да пайымы. Ал журналист тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамға ой тастаушы, қоғамдық ойды қалыптастырушы. Мұны да сөз арасына кірістіре кетейік.

«Балам – болашағым» деген жұртпыз. Сіздің балаңыз – қазақтың жалғасы. Сіздің ұрпағыңыз – елдің болашағы. Келешек жарқын болсын десек, кемелденген ұрпақ өсірейік. Сонда қан қайнамайды!

Дастанбек САДЫҚ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.