Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕКЗАТТЫҢ БИ «BI-ALEMI»

09.07.2021
КҮЛТӨБЕ
БЕКЗАТТЫҢ БИ "BI-ALEMI"
WhatsAppTelegramFacebook

Жазу-сызу пайда болмаған кезеңде би өнерінің элементтері қалыптаса бастаған. Сонау ықылым заманнан келе жатқан осынау бекзат өнерде қазақ халқының алар орны ерекше. Салт-дәстүріміздегі түрлі танымдар мен атауларға, құбылыстарға қарата қимылмен өрнек сала білген текті жұрттың би өнеріндегі мектепті қалыптастырған Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбдіров, Әубәкір Смайловтар деп  айтуға толық негіз бар.


Қазақ би өнерінің тарихы тереңде жатқаны анық. Бүгінде осынау ғажайып өнерді дамытушы бишілер аянбай еңбек етіп келе жатқаны да шындық. Жақында өнердің дәл осындай күрделі де нәзік саласын қолдау мақсатында Жетісу топырағында, Талдықорған төрінде «Bi-alem» Жетісу хореография орталығы ашылды. Аталмыш қоғамдық бірлестіктің ашылу салтанатында ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Тукеев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев, аталмыш бірлестіктің төрағасы Бекзат Ағияр үшжақты меморандумға қол қойған еді. Айта кетелік, осынау қуанышты шараға КСР еңбек сіңірген әртісі Тойған Оспанқызы, Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Мәдениет қайраткері Майра Төкеевалар арнайы қатысты. Аталмыш орталық ел көлемінде алғашқы болып Жетісу жерінде ашылып отырғанын да айта кеткен жөн.

«Bi-alem» Жетісу хореография орталығының төрағасы болып сайланған мемлекеттік «Алтынай» халық би ансамблінің бишісі Бекзат Ағияр Талдықорған қаласында құрылған қоғамдық бірлестіктің мақсат-мұратын, алға қойған бағытын түсіндіріп өтті.

– Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен құрылған «Bi-alem» Жетісу хореография орталығы өз жұмысын бастады. Қазақ халқының би өнерін, халықтық билерін дамытып, оны өскелең ұрпаққа үйретуден бөлек, көптеген мақсат-міндетті ұстанып отырмыз. Мәселен, Жетісу жеріндегі би өнерін дамытқан кешегі тұлғалардың өмірін, тарихын зерттеп-зерделесек, олардың сара жолында таңбаланған дара ізін өнер әлемінде айшықтасақ, бекзат өнерге қосқан үлесіміз болар еді. Сол секілді, әлем билерін де жас шектемей, биге ынталы адамдарға түгелдей тегін үйретсек деп отырмыз, – дейді қоғамдық бірлестік төрағасы. 

Тұмса табиғаттағы әртүрлі жаратылыстың қимылынан элемент үзіп, оны би өнеріне икемдеп, сан түрлі әсем қозғалыстарды айнытпай салар бишілердің таланты таңдай қақтырады десек те, осынау өнердің сыры қалың екені көпке мәлім. Жұмбақ жатқан өнердің өрісін кеңейткен кешегі Шара Жиенқұловалардан тартып, бүгінгі бишілердің руханиятқа қосып жатқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Десек те, жұмбағы қалың өнердің өрісін кеңейтіп жүргендердің көңілі көп дүниеге алаң екен. Ол жайлы ашып айтқан Б. Ағияр: «Орта және жоғары оқу орындарында хореография бөлімдері ашылса деген арман көкейде тұр. Өйткені, ел бойынша кадр жетіспеушілігі бар. Тіпті, ол облыстық филармонияда да өзекті мәселенің бірі. Онымен қоса, би өнері өкімет тарапынан көп қолдауға мұқтаж. Өнердің дамуы үшін сол бағытта байқаулар, бәйгелер жиі ұйымдастырылуы қажет. Бізде 5 жылда бір рет өтетін

Ш. Жиенқұлова атындағы конкурстан басқа байқау жоқ. Сол секілді, жастарды би өнеріне ынталандыратын әртүрлі үйірмелер көптеп ашылып, Үкімет тарапынан қаржыландырылып тұрса, өнер өрісі кеңейе түсер еді», – деп толғанады.

Жетісу жерінде ірге тепкен қоғамдық бірлестік алдағы уақытта жастарды би өнеріне молынан тартып, байқаулар ұйымдастыруды, жас таланттарды ел ішінен іріктеп, олардың жолын ашуды мұрат етіп отыр. Онымен қоса, киелі өңірден шыққан өнер саңлақтарының еңбегін насихаттауды, «Танго», «Ча-ча-ча», «Лезгинка» сынды әлемдік және қазақ халқының ғажайып билерін арнайы үйірме ашып, ықыласты адамдарға (4 жастан жоғары кез келген ынталы жанға) үйретуді көздейді. Рухани шараларды ұйымдастырып, еліміздегі би өнерінің майталмандарымен тәжірибе алмасып, сахна би костюмдерінің үлгілік тарихын зерттеп, жетісулық хореография мен балет әртістерінің кітабын, дисктерін және бейнебаяндарын шығаруға мұрындық болмақ. 

Ендеше, мақсат-мұратын айқындап, қазақ халқының би өнерін дамытуды көздеп отырған «Bi-alem» Жетісу хореография орталығына сәттілік тілейміз. Өнер өрісін кеңейтер таланттардың тұғырына айналсын!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

22.07.2026
Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

22.07.2026
Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

22.07.2026
Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

22.07.2026
Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

22.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.