Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БИЛІКПЕН АРАДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

20.05.2024
КҮЛТӨБЕ
БИЛІКПЕН АРАДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
WhatsAppTelegramFacebook

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: 
«Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді».

Биыл жергілікті мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында халық пен билік арасында дәнекер болып, жұртшылықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында аянбай қызмет етуде. Халық қалаулылары елдің талап-тілегіне құлақ түріп, өзекті мәселелерді шешу үшін қыруар жұмыс атқаруда. 


1993 жылдың 10 желтоқсанында «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың құрамын және атауын өзгертіп қоймай, облыс, аудан, қала аумағындағы халықтың өкілді органы – мәслихат депутаттар жиналысын қалыптастырды. 1994 жылдың 7 наурызында жергілікті билік органы болған мәслихаттарға алғашқы сайлау өтіп, тұңғыш рет мәслихаттар институты құрылды. Содан бері халық қалаулылары елімізді өркендету үшін тынбай еңбек етіп келеді. Облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия құрылған. Олар әр сала бойынша қызмет істеп,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа алып, жүйелі қызмет етуде. 

Тұрмыстық қиындықтар жүдеткен немесе әділдік іздеп шарқ ұрған адамдардың көпшілігі халық қалаулыларына шағымданады. Жұртшылықтың көбі «жоғын» тауып, өтініштерін қанағаттандырып жатады. Облыстық мәслихат депутаттарының араласуымен шешілген мәселелер жетіп артылады. Енді солардың біразына шолу жасап көрейік. 

Гүлнар ТОЙЛЫБАЕВА, облыстық мәслихат төрағасы:

– Депутаттың міндеті – тұрғындардың көкейінде жүрген әр сауалға жауап беру, алаңдатып жүрген мәселелері болса шешімін табу. Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 140 депутаттық сауал  жолданды. Барлық депутаттық сауалдар уақытымен қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Біз билік органдарымен бірлесіп, бір мақсат жолында үндесіп, халқымыздың талап-тілегін орындай отырып, ел игілігі үшін қызмет етеміз. 

Былтыр Тұрпан және Сарыбел ауылдарының Мәдениет үйлерінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселе көтерілген еді. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеттен екі нысанның жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінетін болыпты. «Айналайын» балалар үйінің жазда демалатын лагерінің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіні туралы мәселе де оң шешімін тапты. Былтыр жергілікті бюджеттен  «Инватакси» қызметі үшін 293,4 млн. теңге қаражат бөлініп, облыс бойынша 23 арнайы көлік мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетіпті. Өтенай ауылдық округі тұрғындарының жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жөніндегі өтініші 2024 жылғы жоспарға кіріп, оң шешімін тапты. Қаладағы 3-ші бөлімшенің Көкбастау көшесінде орналасқан 9 үйге су құбыры желілері тартылды. «Жастар 1/1» тұрғын ауданы бойынша да су құбыры және кәріз жүйелері назардан тыс қалмай, 2024 жылы ұзындығы 9,8 шақырым құрайтын ауызсу және кәріз желісін орнатуға мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдер жүргізіліп, мердігер анықталды. 
Талдықорғанда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арналған «Бәйтерек» оңалту орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе басқа ғимаратқа көшу туралы мәселесі бойынша 22,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесінде 2024 жылға бюджеттен 575 млн. 879 мың теңге бөлінді. Алакөл ауданы Үшқайың мен Тұяқбай ауылдары арасындағы облыстық маңызы бар 4,6 шақырым автомобиль жолына 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге, 2024 жылға 197,5 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, бұрын әлеуметтік маңызы бар аурумен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмағанда ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілетін болған. Осы мәселе туралы депутаттық сауал жолданып, әлеуметтік көмек мөлшерін 7  АЕК көтеру ұсынылып, оң шешімін тапты. 

Қайрат КЕРЕЕВ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша комиссия төрағасы: 

– Мәслихат депутаттарының негізгі міндеті – халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу арқылы шешілуін қамтамасыз ету. Сондықтан біз үнемі жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етуді басты назарға аламыз. Біздің сала бойынша есепті кезеңде комиссия мүшелері өткізген 21 қоғамдық қабылдауда 42 адамның өтініш-тілегіне орай 13 депутаттық сауал жолданды. 25 мәселе оң шешімін тапты. Халықтың сұранысына құлақ қойып, ұсыныс-өтініштерін ескере отырып, нәтижелі жұмысты атқару қажеттігі депутаттар үшін маңызды болып қала береді.

Бұдан бөлек, облыстық мәслихат депутаттарымен есепті кезеңде жалпы сомасы 35 370 000 теңгені құрайтын қайырымдылық және демеушілік іс-шаралар мен акциялар өткізіліп, аз қамтылған азаматтарға кең көлемді көмек көрсетілді. Бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.