Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 541,01 теңгеге жетіп, 1,25 теңгеге қымбаттады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы – 539,54 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 541,09 теңгеден сатып алып, 542,97 теңгеден сатып жатыр. Астанада сатып алу құны – 539,49 теңге, сату бағасы – 544,65 теңге шамасында.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте доллар 0,34 теңгеге өскен, ал 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге арзандаған еді.





