Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Егіс алқабының қайтарымы мол

Биыл Сарқан қаласының іргесіндегі 585 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Қазіргі таңда қызылша жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Өңір шаруаларының айтуынша, биылғы өнім көлемі былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өткен жылы гектарынан орта есеппен 35-40 тонна өнім алынған болса, биыл бұл көрсеткіш 50-65 тоннаға дейін жетіп отыр.

11 қазан 2025
КҮЛТӨБЕ
Егіс алқабының қайтарымы мол
WhatsAppTelegramFacebook

Күзгі жиын-терін жұмыстарына алғашқылардың бірі болып кіріскен «Самал», «Абдрахимов» және «Смағұлов» шаруа қожалықтарының еңбеккерлері бүгінде алқап басында бел жазбай еңбек етуде. Айта кетерлігі, «Абдрахимов» шаруа қожалығы қант қызылшасын полиэтиленді су құбыры арқылы суарып, өнімділіктің артуына елеулі әсер еткен.

Жылдағыдай «Самал» шаруа қожалығы алғашқы өнімін қант зауытына өткізді. Қожалықта тұрақты түрде 30 адам, ал маусым кезінде қосымша 20 адам жұмыс істейді. Шаруашылық басшысы Ермек Сағындықұлы Қалиев – қара жердің қайтарымын еселеп жүрген тәжірибелі диқан. Қожалықтың жалпы жер көлемі 1005 гектарды құрайды. Оның ішінде 601 гектар – егістік жер, оның 164 гектары суармалы, 437 гектары тәлімді, ал 404 гектар – жайылымдық алқап.

Биыл «Самал» шаруа қожалығы 240 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Жиын-терін жұмыстары 1 қазаннан басталып, бүгінде қарқын алып отыр. Қазіргі таңда 35 гектардан 1750 тонна өнім алынған, оның 750 тоннасы қант зауытына өткізілген.

Шаруалардың айтуынша, қазан айының жылы әрі қолайлы ауа райы қант қызылшасын жинауға өте тиімді. Сондықтан жаз бойы төккен маңдай тердің жемісін қар түспей тұрып толық жинап алу үшін диқандар бар күш-жігерін жұмсап отыр.

Қорытындылай келгенде, жер емген еңбекқор диқандардың тынымсыз еңбегі мен жаңа технологияны тиімді пайдалану тәжірибесі Сарқан өңірінің ауыл шаруашылығын жаңа белеске көтеріп отыр.

Жақсылық ИГІМАН

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгін, 20:26
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.