Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Электр самокат иелері білуі тиіс ережелер бекітілді

22 маусым 2023
КҮЛТӨБЕ
Электр самокат иелері білуі тиіс ережелер бекітілді
WhatsAppTelegramFacebook

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылады.

Сенат депутаты Евгений Больгерт заң жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленгенін атап өтті.

Заңның негізгі мақсаты — қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу болып табылады, — дейді сенатор.

Бұдан бөлек, Заңмен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.

Сонымен қатар, Заңмен Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» екі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Заңға сәйкес: 1) «Шағын электр көлік құралы» ұғымы оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану тәртібін құқықтық регламенттей отырып, жүргізушілер үшін тыйым салулардың тізбесін белгілеу енгізіледі; 2) «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін орындар айқындалады, сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тыйым салынады.

Атап айтқанда, Заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне жол беріледі. Атап айтқанда, бұл 18 жасқа толу, 
кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің болуы, түймеленген дулығаның болуы, ал тәуліктің қараңғы уақытында қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын заттың болуы.

Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 шақырым аспайтын жылдамдықпен жүруіне жол беріледі; 3) шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді;

Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көлік құралдарының «Жол қозғалысы туралы» Заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі. Сенатордың айтуынша, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның жаңа түрімен толықтырылады.

Жалпы, көлік құралдары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттеріне шектеулер мен тыйымдарды белгілеуге бағытталған. Заң — көлік құралдарының түрлерін пайдаланудағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге ықпал етеді деп санаймыз. Мәжіліс қабылдаған Заң жеке жүріп-тұру құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам болып табылады, — деді депутат.

Сонымен қатар, енгізілетін құқықтық новеллаларды тәжірибеде сынақтан өткізуді, сондай-ақ электр самокаттар мен шағын электр көлік құралдарын пайдалану тәртібін реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, болашақта өзінің заңнамалық шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар.

Материал: El.kz ақпарат агенттігіне алынды

Фото: ашық дереккөзден

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.