Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Эпизоотиялық ахуал тұрақты

07.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Эпизоотиялық ахуал  тұрақты
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу Медиа» ақпарат алаңында өткен жиында облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан ӘБІЛБАЕВ мал шаруашылығын цифрлық бақылау туралы әңгімеледі.

Оның айтуынша, аймақта ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және аурулардың алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. Облыс бойынша 3 млн.-нан астам мал компьютерлік дерекқорға тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 0,5 пайыз өскен.

Жануарларды аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында 7,8 млн.-нан астам екпе жасалып, 1,3 млн.-нан астам малдан қан сынамасы алыныпты. Атап айтқанда, сібір жарасы, аусыл, нодулярлы дерматит, күл, пастереллез секілді ауруларға қарсы шаралар кешенді жүргізілген. Бруцеллез дертіне шалдығу дерегі өткен жылмен салыстырғанда 89 пайызға азайған.

Спикердің баяндамасында биыл облыс аумағында аса қауіпті ауру ошақтары тіркелмегені айтылды. Бұған малға дер кезінде екпе жасау мен мониторингтік жұмыстар себеп болған көрінеді.

Ветеринариялық қызметтің сапасын жақсарту үшін материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше назар аударылған. Осы мақсатта 2023 – 2025 жылдары 1,9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 72 ветеринариялық пункт, 1 стансы салынып, 78 арнайы автокөлік пен 217 компьютер, 238 планшет және басқа да құралдар сатып алынған.

Мал иелері үшін «Tort­Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылып, бүгінде оны 36 мыңнан астам адам қолдануда. Бұл қосымша арқылы малдарды тіркеу, екпе егу, сатып алу-сату, сойып өткізу сияқты қызметтер автоматтандырылған.

Облыста ветеринариялық-санитарлық сараптама модулі арқылы 96 нысан қамтылып, 57 мыңнан астам малға сараптама жүргізіліп, 38 мыңнан астам ветеринариялық анықтама берілген. Биыл 5 мыңнан астам қаңғыбас ит ауланып, тиісті шаралар қабылданыпты. Мемлекеттік сатып алу тетігі арқылы бұл жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.

Тағы бір айта кетер жағымды іс, – «Фермадан үстелге дейін» қағидаты аясында мал сою орындары жабдықталып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған. Бұл бағыттағы индикативтік жоспарлар толық орындалып келеді. Қысқасы, облыстағы эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда.

Десе де аталған салада әлі де шешімін күткен сұрақтар көп. Соңында мал дәрігерлерін оқыту мен қайта даярлау, малдарға екпе егу, мал дәрігерлік пункттердің техникалық-материалдық базасын нығайтуға қатысты сауалдарға спикер тұшымды жауап берді.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.