Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕРІКТІЛЕР САНЫ 4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

24.06.2021
КҮЛТӨБЕ
ЕРІКТІЛЕР САНЫ 4 ЕСЕГЕ АРТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста 95 еріктілер орталығы бар. Ерікті ретінде тіркелгендері 7 мыңнан асады. Ал жастардың бастамасын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі екі есеге артып, бөлінетін қаражат көлемі ағымдағы жылы 76 миллион теңгені құрады. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ баяндады.


Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының айтуынша еріктілер қозғалысы және «Жақсы істер марафоны» аясында 7 бағыт бойынша аймақта 1043 акция ұйымдастырылды. Аз қамтылған, көпбалалы 75 отбасы баспанамен қамтылып, 130 млн. теңгеге 6,5 мың отбасына азық-түлік себеті жеткізілген. Сондай-ақ, 60 мыңнан аса жетісулықтарға көмек қолы созылды. 

– Аймақта 50 мың адамның қатысуымен 134 экологиялық акция өтіп, 41,8 мың түп ағаш отырғызылды. «Egov – жаршысы» жобасы аясында 100 ерікті елді мекендердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында көмектесуде. Біздің еріктілер төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға шұғыл көмек көрсете отырып, жоғары азаматтық ұстанымды көрсетті, – деп атап өтті облыс басшысы. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс жастарының 30 бастамасы қолға алынды. Одан бөлек, талантты жастар «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына белсенді түрде қатыспақ. Сондай-ақ, волонтерлік бастамалар мен жобаларды жүйелі дамыту үшін облыстағы әр аудан мен қалаларда жастарға қызмет көрсету орталықтарын салу жоспарлануда.

Үкімет отырысы барысында елдің эпидемиологиялық-санитарлық ахуалы да назардан тыс қалмады. Қазіргі таңдағы жағдай мен вакциналау мәселесі туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. Спикердің айтуынша, елдегі эпидахуал тұрақты әрі үнемі бақылауда. 

Вирустың репродуктивтік индексі – 1 пайыз, ауруханалардың инфекциялық төсектермен қамтылуы 25 пайыз және реанимациялық палаталар 21 пайызды құрайды. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы болса, «сары» аймаққа Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары кіреді. Қалғандары «жасыл» аймақта. Сонымен қатар, бүгінде 2,8 млн.-нан астам адам екпенің бірінші компонентін салдырды. Ал 1,7 млн.-нан астам азамат екінші компонентпен егілген. 

Үкімет басшысы Асқар Мамин Елордада коронавирустың үндістандық «Дельта» штаммына келетін вирус мутациясы анықталғанын айтты. Бұл штамм жұғудың жоғарылығы мен тез өршуі, салдары ауырлығымен ерекшеленеді. Ол елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды назарда ұстауды, ведомствоаралық комиссияға ел астанасындағы жағдайды жақсарту бағытында қосымша шаралар қолдануды тапсырды. 

– Еліміздегі жалпы жағдайдың тұрақтылығына қарамастан, көрші мемлекеттегі ахуал ушығуда. Сондықтан мемлекет шегарасындағы бақылауды күшейтіп, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау және вакциналаудың қарқынын арттыру қажет, – деді Асқар Ұзақбайұлы. 

Отырыста бәсекелестікті арттырудың жаңа бағыттары да талқыланды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды. Заң жобасы экономиканың негізгі салаларында бәсекелестік ортаны кеңейтуге, сондай-ақ байланыс, теміржол, жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарында, әуежайлар қызметтерінде, АӨК, көмір, фармацевтика, құрылыс және басқа да тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытудағы жаңа тәсілдерді қарастырады. Заң жобасы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жоюға бағытталған. Заң жобасында ұсынылған шараларды іске асыру таяу келешекте мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал бәсеке еліміздің жаңа экономикалық бағдарының негізі болатын басты қағидаттардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан бәсекелестікті дамытудың ұзақмерзімді жаңа саясатын жасаудың маңызы зор. Бұл бәсекелестік пен «жұмсақ құқық» құралдарын кеңінен қолдануға неғұрлым жетілдірілген жағдайлар жасауды талап етеді, мұның өзі заңнаманы бұзу қауіптерін төмендетуге жол ашады, – деген Асқар Ұзақбайұлы үкімет отырысын қорытындылады.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.