Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ГҮЛ ӨСІРЕТІН ҚАРИЯ

27.07.2019
КҮЛТӨБЕ
ГҮЛ ӨСІРЕТІН ҚАРИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

Қызылжар деп аталатын кішкентай ауылға бет алып барамыз. Басты кейіпкеріміз – Жеңіс Кәдіров. Шырғанақ өңірі ежелден жасыл жайлаудай көз тартып тұратын жер. Есіктің төріне дейін көк құрақ жамылып жатады. Кеңес одағы тұсында №336-шы «Кеген» ет-сүт кеңшарының Қызылжардағы бір фермасы әрі бөлімшесі болған. Ауылда кезінде қырыққа тарта үй қоныстанса, қазір Жеңіс ата бастаған 5-6 үй қысы-жазы осында өмір сүріп, төрт түлік малын өсіріп, картобын баптап, мамыражай тіршілік етеді. 


Шырғанақ ауылынан 5-6 шақырым жердегі Жеңіс атаның гүл өсіретінін естігелі бір көруге асық болғаным рас. Жасы келген адамға гүл өсіру, оны күту оңай шаруа емес қой деп ойлайтынмын. Жетпістің төртеуіне келген атамыз, шүкір, тың. Бойы да, ойы да сергек. Қырықтағы жігіттердей қажырлы да жігерлі. Шапшаң қозғалады. 

Атамыз жол бастап, үйдің ауласына келдік. Шынымен айналасына неше түрлі гүл қаптап кетіпті. Шоғырлана-шоғырлана өскен бойы ұзын қызғылт гүл жарған өсімдікке көзіміз бірден түсті.

– Бұл таудың басында өсетін алтын тамыр. Емдік қасиеті мол. Тамырын қайнатып ішесің. Асқазан ауруына бірден-бір ем. Ерте гүлдейді, еңбекке деген қабілетті арттырып, шаршағанды басады. Сирек кездесетіндіктен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліген, – дейді Жеңіс ата. 

   Арнайы қоршаудағы неше түрлі гүлді сұрастырып келеміз. Іскер, еңбекқор атамыз тамаққа қосатын сарымсақ пен жуаны да өзі өсіреді екен. Алматы қаласынан әкелген 2 түп сырғагүлі көбейіп кетіпті. Екі метрге дейін бойлап өсетін гүлдің атын «Ұзын гүл» қойып алыпты. Басына жиырма шақты әдемі гүл шығып, қазан айына дейін өңін бермейді екен. Талғар ауданында тау басында өсетін қарандыз деп аталатын гүл тіптен әдемі. Жөтелге бірден-бір ем деседі. Алматыдан әкелінген Қытайдың раушан гүлі де биік болып өседі. Бойлап келе жатқан қызғалдақ, сирен гүлін тамашаладық. Бәрі көпжылдық. Тұқымынан көбейіп кете береді. Сол қатарда құлпынай мен таңқурай да бар. Тауда өсетін қойқарақат пен қызыл қарақат та көз тартып тұр. Ерте пісіп тұратын рауғаш та осында. Біз атамыздың көп жылдардан айналысып келе жатқан шаруасына шын мәнінде риза болдық. Оннан аса  гүл өскен аулаға тағы бір келуге көңіліміз ауып тұрды. 

Атамыз Бөлексаз өңірінің басындағы Жаманбұлақ деп аталатын жерде 1945 жылғы мамыр айында дүниеге келіпті.  Қойшыбектей майдангер үлкен әкелері атын Жеңіс деп қойыпты. Жеңіс атамыздың әкесі Кәдір Байзақов қарапайым малшы болған. Анасы Нұқан Өзбекова үй жұмысымен айналысқан. Сауыншы болып еңбек еткен. Атамыздың ақ дастарқаны сүт өніміне толы. Май, маңыз, құрт, ірімшік, жент дейтін астың бәрі-бәрі осында. Жеміс ағаштарының берген ырызғысы – таңқурай мен құлпынай, қарақаттың тосаптары өздерінде. Әлі де түгесіле қоймапты. Береке деген осы. Үлкен ауыл Шырғанақ деп аталса, ол да бекер аталмаған. Емдік қасиеті мол шырғанақ осы өңірден мол ұшырасады. Жеңіс атаның дастарқанына шырғанақтан жасалған тосап та сән беріп тұр. 

Осынау дастарқанның сәні мен мәнін, берекесін кіргізіп жүрген Жеңіс атамыздың зайыбы Кү-     лән Қондыбаевадай ашық-жарқын анамыз. Өз тұсындағы №336-шы «Кеген» ет-сүт кеңшарында ерен еңбек еткен атамыз «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталыпты. Бірнеше мәрте Кеген аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, ауылдық кеңестің депутаты болған. Қолындағы ұлы Мұратбек аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы несие алып, ірі қара өсірумен айналысуда. Жеңіс ата мен Күлән ана 3 ұл, 2 қыз өсіріп, қанаттандырған. Қыздарын қиясына, ұлдарын ұясына қондырған. Онға тарта немере, бір шөбересі бар.

Өміріне гүлдер әлемі көрік берген Жеңіс атамыз туралы мөлтек сыр осындай. Атамыздың өмірде жасап жүрген ісі, қалап жүрген игілігі өсіп келе жатқан жастарға үлгі-өнеге. 

Қанат БІРЖАНСАЛ 

Қатысты жаңалықтар

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026
Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.