Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒИБРАТЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

07.09.2019
КҮЛТӨБЕ
ҒИБРАТЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
WhatsAppTelegramFacebook

Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектептің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл оқу орны есімдері елге белгілі тұлғаларды кездесуге жиі шақырады. Жазушылар мен әртістер, спортшылар, қайраткерлер жас ұрпаққа тұшымды әңгімелерін айтып, өнеге-тәлімдерін ұсынады. Олардың армандарына қанат бітіріп, келешегіне жол сілтейді. Жуырда аталған мектепте тағы бір әсерлі кездесу өтті. Ел тәуелсіздігін нығайтуға ерен еңбек сіңірген, Қазақстан қорғаныс саласының ардагері, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев оқушылардың құрметті қонағы болды. Түргендіктер атақты қолбасшыны жылышыраймен қарсы алды.


Сәт Бесімбайұлы – Жетісудың перзенті. Іле ауданында дүниеге келген. Саналы ғұмырын ел қорғанысына арнаған асыл ағаның өмірбаяны өнеге мен тәлімге толы. Қатардағы қарапайым сардардан Қорғаныс министріне дейін көтерілген айтулы тұлға. Осының   өзі-ақ ол кісінің қайтпас қайсарлығын, өмір талқысында шарболаттай шыңдалғанын, әскери білімін ұдайы жетілдіргенін анық аңғартады. Ата-бабаларымыздың қаһармандық қасиеттерін бойына сіңіргенін көрсетеді.
Тәуелсіз Қазақ- станның нығаюына, ел қауіпсіздігінің берік сақталуына, мемлекеттің қорғаныс қабілетінің артуына және ұлттың жауынгерлік мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетін басқарды. ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. Республикалық гвардияға жетекшілік жасады. Қорғаныс министрі лауазымын иеленді. Мемлекет басшысына кеңесші болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде халық қалаулысына айналды. Қайда жүрсе де ел мен жерге деген адалдығынан айныған жоқ. Отан үшін, халық үшін жаным садаға деген принциппен өмір сүрді.

Қайраткердің еңбегі еленді. Даңқ және «Барыс» ордендерімен марапатталды. Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Жуырда генералдың кеудесінде тағы бір жұлдыз жарқырады. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген І дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады.

Осынау әсерлі кештің ұйымдасуына саяси ғылымдарының докторы, профессор Венера Абыханқызы мұрындық болды. Ол кісінің қызметі астанада болса да әкесінің атындағы мектеппен тығыз байланыста. Жергілікті жермен қарым-қатынасын ешқашан үзген емес. Ауыл жұрты оның осындай игі бастамаларына әрқашан дән риза.

Кездесудің кіріспе сөзін ашқан Абыхан Жексембеков атындағы орта мектептің директоры Гүлбақыт Қасымжанова бүкіл ұжым атынан генерал-полковникке жүрекжарды лебізін білдірді.

– Сіздей тұлғамен кездесудің өзі бір ғанибет. Осымен екінші рет мектебіміздің құрметті қонағы болып отырсыз. Сізді мектептегі қамқоршылық кеңесінің мүшесі етіп бекіттік. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Өскелең ұрпақ өнегелі әңгімелеріңізді тыңдап, одан ғибрат алады. Күні ертең Түргеннен де сіздің жолыңызды қуған сардарлар шықса, оны осы дидарласудың пайдалы әсері деп білеміз, – деді Гүлбақыт Қасымжанова.

Бұдан кейін сөз алған Түрген ауылдық округі әкімдігінің қызметкері Сәуле Мәмбеткәрімова жұртшылық шақыруын қабыл алғаны үшін генерал-полковникке алғыс айтып, сексен жылдық мерейтойымен құттықтады.

Келесі кезекте мінберге генералдың өзі көтерілді. Сымдай тартылған денесі нағыз әскери адамға тән. Көздері тау қыранының жанарындай жалтылдайды. Ішкі тереңдіктері сыртқы зиялылықпен астасып жатқандай. Генералдың сөзін жиналғандар ұйып тыңдады.

– Айналайын балаларым! Сендермен кездесу мен үшін бақыт. Мен де бала болғанмын. Сендер сияқты мектеп партасында отырып, мұғалімдердің дәрісін тыңдадым. Ол күндердің суреті есімнен ешқашан кетпейді.

КазЦИК деп аталатын ауылымызда 4 жылдық мектеп болды. Ол заманда мектептер – төрт сыныптық бастауыш және жетіжылдық, онжылдық болып бөлінуші еді. Ауылға кіреберістегі төбешікке салынған кішкентай бір бөлмелі үй – біздің білім ордамыз болатын. Одан кейінгі оқу жолы Комсомол ауылында жалғасты. Онжылдықты Алматыдағы №22 мектепте оқыдым. Осылайша біраз жерге көшіп-қонып жүріп кәмелеттік аттестатқа ие болдық.

Бүгінгі ұрпақ – мына сендер бақыттысыңдар. Осының бәрі қасиетті тәуелсіздіктің арқасы. Сондықтан да сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Білімді болсаңдар Отанға адал қызмет етесіңдер. Пайдаларың көп тиеді.

Мен бала кезден-ақ әскери барлаушы болуды армандадым. Нендей мақсат көздесең түбінде соған қол жеткізеді екенсің. Сендер де табанды болыңдар, – деп өз өмірінен сыр шерткен генералға оқушылар бірқатар сұрақтар қойды. Қайтарылған жауаптар бәрінің көңілінен шықты. Сонымен бірге осы кездесуді пайдаланып «Жас ұлан» ұйымына жаңадан қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады. Олардың мойындарына генерал атасы көгілдір түсті галстуктерді өз қолымен байлады.

Кездесуде айтылған әңгімелерді әдемі мысалдармен түйіндеген Сәт Тоқпақбаев орта мектеп ұжымына және осындағы кітапханаға өзінің «Жаным садаға» атты кітабын сыйға тартты. Қолтаңбасын қалдырды. Осынау ғибратқа толы шығарманы бәрі ықыласпен парақтады. Соның кейбір тұстарына біріге отырып көз жүгіртейік.

«Осы кітапты жазу барысында өткенімді көз алдымнан бір сүзіп шықтым. Артыма қарасам – албырттықпен кеткен қателік те бар екен. Жастықпен көзсіз нартәуекелге ұмтылған сәттерім де болыпты.

Өмірде алдымнан үнемі жақсы адамдар кездесті. Жанымда сенімді серіктерім көп болды. Бұл – Алланың маған берген ғажайып сыйы.

Адам жалғыз өзі үлкен шаруалар жасай алмайды. Қай ортада жүрсем де, дәрежесі биік билікте болсам да жақсы адамдардың шарапатын жиі сезіндім. Адалдықты ту еттім. Үлкеннен бата, кішіден алғыс алуға тырыстым. Осының өзі мен үшін үлкен мәртебе. Бұдан артық мадақты қаламас та едім.

Шен тағып, шекпен кидік. Біраз уақыт Елбасының жанында жүрдік. Елге қызмет жасап, Мемлекет басшысына үзеңгілес серік болу, халқымыздың қажетіне жарау – ең үлкен бақыт деп түсінемін. Сол үшін де жаратқан Аллаға, дүниеге әкелген ата-анама, тәрбиелеген ортама ризалығым шексіз» – деген сөйлемдерді тебіренбей оқу мүмкін емес. 

Генералмен кездесудің ғибраты мол болды. Оның жанам деген жүректерге от беретіні сөзсіз.

Болат МӘЖИТ 
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.