Талдықорған: +5°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Инвестициялық мүмкіндік мол

29 маусым 2017
КҮЛТӨБЕ
Инвестициялық мүмкіндік мол
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық Баталов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев­пен кездесті. Онда аталған компанияның қызметі таныстырылып, өңірлік директорлар кеңесінің жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жүйесі сөз болды.

Алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы таныстырылып, инвестиция тарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында баян­далды. Осыған байланысты Амандық Ғаббасұлы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы базасында, өңірге қарасты аудан, қалаларда құрылған индустриял­ды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарында инвес­тициялық жобаларды орналас­тыру мүмкіндіктері жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
– Облыс белсенді түрде дамып келе жатқан аймақтың бірі. Табиғи-климаттық жағдайы да ерекше. Инвес­тициялық жағынан да тартымды. Инвесторларды тарту бағытында көптеген жұмыс жүргізіліп, оларға жағдайлар жасалуда. Инвестиция есебінен бюджет көлемі де артып келеді. Инвесторлар бірнеше өндірістік орындар салып жатыр. Өткен жылы «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы мемлекеттік және жеке инвес­тиция есебінен жиырма бес мың жұмыс орны ашылды, – деді облыс әкімі.   
– Жетісу өңіріне қызы­ғу­шылық танытып отырғандар көп. Инвесторлардың басым бөлігі Алматы облысында жұмыс істегісі келеді. Оларды бұл жердің кәсіпкерлік климаты мен инфрақұрылымдардың дайындығы қызықтырады. Өйткені кәсіпкерлер жұмыс бастамас бұрын алдымен бәрін зерттеп, білген соң ғана іске кіріседі. Сол үшін сіздердің индустриялды аймаққа сұраныс танытады, – деді Біржан Бисекенұлы. 
Айта кетейік, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елге шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі оператор ретінде құрылған. Компанияның басты міндеттерінің бірі – Өңірлік инвестиция картасын қалыптастыру, әрбір аймақтың ерекшеліктерін есепке ала отырып, инвесторлармен жеке жұмыс жүргізу болып табылады. Ендігі кезекте Талдықорған қаласында жергілікті жерлердегі инвес­торлармен жұмыс істеу үшін аталған компанияның өкілдігі ашылатын болады. 
Қазіргі кезде аймақта инвес­тиция көлемі 530,9 млрд. теңгені құрайтын, он мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін алпыс үш инвес­тициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұлардың қатарында әлемге танымал «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС, «Nemish Pharma» ЖШС, «Бауман» ЖШС, «Farm Frites» ЖШС сияқты ірі транс­ұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын тоғыз жоба бар. 
Жиын соңында Амандық Ғаб­басұлы облыстың «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдеріне барынша көмек көрсететінін айта отырып, инвестиция тарту бағытында бірлесе жұмыс істеп, оңды нәтижелерге қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.