Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЙЕЛ ҚЫРЫҚ ШЫРАҚТЫ

04.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ӘЙЕЛ ҚЫРЫҚ ШЫРАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адамды тылсым жұмбақ күш басқарады дейді ғой. Әйтеуір бір құдіреттің бары рас. Тағдыр деп айдар тағамыз оған.  Сол тағдырдың ырқына көне беруге бола ма? Оу, адамды Алла жаратқанда басқа түскен  қиындықпен күрессін деп  бойына күш-қуат пен ақыл-сана берген емес пе?! Сол дауылпаз тағдыр соққысын жеңгенде ғана бақ құсына айналатын шығар…

Қиындықты жеңуге асқан төзімділік керек. Ал қазақ әйелдерінің  төзімділігі соғыс жылдарында, нарық қыспағында айқын байқалды.  Олар қайыстай қатып, ғажайып ерліктер жасап жүр. Оған Үштөбе қаласының байырғы тұрғыны  Ғалия апайдың тағдыры куә…
 Шалы ұзын бойлы, өңді, дәу адам еді.  Теміржолшы. Өктем. Қашанда ашуланып жүреді, шүйкедей кемпірін бір шыбықпен айдайды. Ол да құрдай жорғалайды. Ұл мен қызына да қатал.  «Соғыстан контуженный болып оралған»  деп сары кемпірі «еркелігіне» көне беретін еді. Мен оның төзімділігіне таңғалатынмын. Аяйтынмын. Бірде жылап отырып сырын ақтарды маған. 
– Мәкен, журналиссің ғой, мен саған бір құпия сырымды айтайын. Сен  шал екеуміз тірі тұрғанда тіс жарма. Біз өлген соң да аты-жөнімізді  өзгертіп  жазамын деп уәде бер, – деді.  
– Алла атымен ант етемін, – деп мен Құран ұстадым.
– Өлген адаммын, – деді жыламсырап… 
 Бұл 1964 жылдың жаз айы еді. Мен тамыз айында аудандық «Коммунизм жолы» газетіне тілші болып орналасқанмын. Сол маңдағы  апайдың үйінен бір бөлмені жалдаған едім. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған шалы 85-тен, өзі 70-тен асқан  бақытты зейнеткерлер  еді. 
Арада 40 жылдай уақыт өтті. Кемпір-шал мәңгілік мекендеріне аттанған. Тұңғыш ұлы жоғары білім алып, Алматыда құқық қорғау саласында жауапты қызмет жасайды. Қызы Гүлжан көрші ауданға тұрмысқа шықты. Сатылған үйлерінде бөгде адамдар тұрады.  Әбдірахман ақын көшесінде жүрген сайын ұршықтай сары кейуана Ғалияның дауысы келеді құлағыма. Уәдемде тұрып, жарты ғасыр өткен соң ана ерлігін  шағын мақалаға арқау еттім. 
– Биссмилла, – деп бастап еді әңгімесін Ғалия апай. – Құдай көріп тұрған ісімді несіне жасырайын… Біздің жастық шағымызда өз билігіміз өзімізде болмады ғой.  Тұрмысқа шығу сияқты тағдырымызды ата-анамыз шешетін еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ата-дәстүріміз. Оның үстіне менің бойжеткен шағым соғыс тұсына тап келді. Шал-шауқаннан  басқа ешкім жоқ ауылда. Кімге ғашық боласың?! Боздақтар соғыста қырылып  жатқанда…  Өстіп жүргенде жас та біршамаға жетті. Соғыс та бітті.  Құдай бар екен,  әкемнің інісі  жараланып, аман оралды.
Мені де айттырып келушілер көбейді. Билік менде емес, ағайымда.  Ақыры сол ағайым ұнатқан, өзімнен 15 жас үлкен азаматқа тұрмысқа  шықтым. Ол да соғыс солдаты еді. Теміржолда жұмыс жасайды. Хан сарайындай дәу үйіне келін болып түстім. Алла атымен некемізді молда  қиып,  ақ босағаға адал болуға  ант беріп,  неке суын  іштім емес пе?  
«Куәдірміз, куәдірміз, куәлікке  жүрәдірміз», –  дегендердің көзі тірі әлі.
Бірақ… Өмірім тозаққа айналды. 10 жыл құрсақ көтермедім ғой. Күйеуім ұрып-соғып, “бедеу” деп жігітшілік жасайтын болды. «Кет» деген ауыр сөзді ести бастадым.
Сондайда абысындары:  «Сенің жұбайыңда ұрық жоқ. 
Соғыстан алған зақымы. Құдай біліп   тұрғанды сенен қайтып жасырайық. Жібі түзу, текті бір азаматтан бала туып ал. Үйіңде бойдақ қайның бар емес пе? Жаны бөлек болғанымен қаны бірге…  Аналық  парызыңды өте», – деп үгіттепті.  «Лағнат соғыстан солай өшіңді ал», – депті… Алғашында көнбеген ғой….
Ақыры мың ойланып, мың толғанып, кербез жұбайы бір жас сұлуды үйіне әкеп түнеткенде қатты ашынып, құдай қосқан қосағынан айырылғысы келмей текті де зиялы бойдақ қайнысымен келісіп, екі перзент сүйіпті Ғалия апай.  Бір ұл, бір қыз. Содан кейін «контуженный»  байы өзін өте бақытты  сезіне  бастапты…
…Қазір сол арыстай ұл мен қыз – өз заманының кәсіпкерлері, атақтарынан ат үркетіндей. Олар туылып, құтты шаңыраққа уық болып қадалмаса отбасы не болар еді?
 Бұл құпияны Ғалия да, абысындары да ешкімге тіс жармай, о дүниеге  ала кеткен. Сөз тас жарады, тас жармаса бас жармай ма?! Олардың бірде-бірі мына әлемде жоқ. Бірақ артына саналы ұрпақ қалдырған ананы ешкім де айыптай алмас. Өйткені бала сүйіп, ана болу – әрбір әйелдің арманы ғана емес, Алла жүктеген парыз… Ия, әйел қырық шырақты деген осы!

Мәкен ӨСЕРБАЕВА

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.