Талдықорған: +25°C
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КИЕЛІ ӨЛКЕ

23.04.2021
КҮЛТӨБЕ
КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КИЕЛІ ӨЛКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

 Райымбек ауданы-ақындар мен батырлардың мекені! Биыл Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын Отанымыздың тарихында есімдері алтын әріппен жазылып қалған қаламгерлер мен академиктердің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, спорт пен өнер тарландарының қанаттанған қастерлі топырағы. Араға 21 жыл салып, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Райымбек ауданының қайта қалпына келгеніне де 3 жыл болды. Бұл аз да, аса көп те уақыт емес. Алайда, елеулі өзгерістерге толы 3 жылдың бергені көп. Жақсылығы мол. Шапағаты жетерлік. Осыған орай аудан әкімі Нұржан Құдайбергеновпен әңгімелескен едік.

– Нұржан Кеңесұлы, сіздің Райымбек ауданына әкім болып тағайындалып, еңбек етіп келе жатқаныңызға екінші жылға аяқ басты. Әңгімені алғаш келген кезіңізден бастасақ. 

– Облысымыздың әкімі өңірдің басшылығына тағайындаған кезде толқыдым, әрі қуандым, әрі қайтадан қалпына келіп жатқан ауданда жұмыс жүргізудің салмағын сезіндім.  Өзім де қойы қоралас, қонысы аралас Кеген өңіріндегі Саты ауылында туып-өстім. Аудан тұрғындары жақсы қарсы алды. Ынтымақ-бірлікпен, жайдары қарым-қатынаспен өмір сүріп, жұмыс жүргізіп келе жатқан жайым бар. Ежелден бірлігі мен тірлігі, салт-дәстүрі сүттей ұйыған, ырыс дарыған, құт қонған киелі мекен. Жүз пайыз қандастарымыз тұратын жерде ұлтымыздың сан ғасырлық інжу-маржаны көз сүйіндіріп, көңіл қуандырады. Қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларын, Мұқағали Мақатаевтың жырларын ықыласымызбен оқып, ер жеттік. Шын мәнінде, Мұқағалидың Қарасазын, Бердібектің Қостөбесін көргенде өзгеше күйге түсем. Ұлы тұлғалар дүниеге келген, құшағында өскен топырақ сондайлық ыстық. Сөз орайында айтпа кетейін, биыл Мұқағали ағамыздың 90 жылдығы. Ежелден ақынын ардақтаған, батырын құрметтеген халықпыз. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының өзі тікелей қолдау көрсетіп отыр. Былтырдан бері 90 жылдықта істелетін шаруалардың басы басталған. Аудандық әкімдіктің тура алдынан арнайы орын дайындатып қойдық. Осы жерден ақынның еңселі ескерткіші бой көтереді. Шілде-тамыз айларында салтанатты ашылуы болады деп жоспарлап отырмыз. Ескерткіштік айналасы да лайықты көркейтіледі. Қарасаз ауылындағы Мұқағалидың әдеби-мемориалдық музейі, ауылдық Мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Оның сыртында Қарасаз, Сарыжаз ауылдық орталық көшелерін, Райымбектей батыр бабамыздың ескерткішінің айналысын абаттындыруға қаражат бөлініп отыр. Таулы өлкеде Мұқағали Мақатаев пен Мұқатай Жылқайдаровтың есімдері қатар аталап жатады. Мұқатай ақынның қос томдық кітабының жарық көруіне қолдау көрсеттік. Ауданымызда соған орай игі шара өткізсек деген жоспарымыз бар.

– Бәрекелді! Енді уақыт өткен сайын гүлденіп, бір ерекше түрге еніп келе жатқан Нарынқол жайлы сөз қозғап, ары қарай аудан тынысын да айта кетсеңіз.

– Аудан қайта қалпына келгелі үлкен құрылыс алаңына айналды. 2020 жылы 6,6 миллиард теңгенің құрылыс жұмысы атқарылды. 83 тұрғын үйдің құрылыс жұмысы басталып, өткен жылы 33 тұрғын үй, 4 қызметтік, 4 мемлекеттік орган саласының қызметкерлеріне арналған үйлер пайдалануға берілді. Азаматтарға арналған  халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық прокуратура ғимараттары салынып, игілікке берілді. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аудандық бөлімшесінің ескі ғимаратын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қақпақ, Жамбыл ауылдарында дәрігерлік шаңырақ бой көтерді. Сарыбастау, Сарыжаз ауылдарында балалар бақшасының ғимараттары күрделі жөндуеден өткізілді. Ауылшаруашылығы саласы бойынша картоп өсіру бағытында «Үш Қақпақ» сервистік-дайындау орталығы құрылып, аталған құрылым 165 миллион теңгеге 13 трактор, қажетті техникаларымен сатып алды. Картоп өсру бағытындағы сервистік-дайындау орталықтары төртке жетті. Былтыр «АГРО – Алатау» ЖШС Сарыжаз ауылдық округінен 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосты. «Meat Processing and Service» ЖШС 42 тонна іріқара етін экспортқа шығарды. Таулы өңіріміз тұнған байлыққа толы. Өткен ғасырдың бас кезінен-ақ алтын өнідіріле бастаған. Былтырдан бері «Нарын Голд» және «БТО ГОЛД ПРОДАКШН» ЖШС алтын өндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жалпы 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауданымызда тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету 80 пайызды құрайды. Өткен жылы Қақпақ, Қызылшекара, Жамбыл, Ақбейіт ауылдарының ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Өңір бойынша 179 шақырым жерге талшықты оптикалық кабельдік интернет желісі тартылды. Жалпы, ауданымыздың барлық елдімекендерінде интернеттің жағдайы жақсарады. Алматы-Нарынқол тас жолынан Қарасаз ауылына дейінгі жол жасалды. Қайнар-Көкбел-Қақпақ-Тегістік-Текес ауылдарын жалғастыратын жол асфальтталды.

– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында аудан тұрғындары қандай жақсылықтарға қол жеткізетін болады?

– Биылғы жылы да атқарылатын шаруа жеткілікті. Жоспарлы жұмыс баршылық. Аудан орталығы тағы да жаңа ғимарттармен көркін кіргізіп, келбетін аша түспек. Атап айтқанда, спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 50 коммуналдық тұрғын үй пайдалануға беріліп, кілтін алған жандар қоныстой қуанышына ие болады. Алдағы жылға 20 жалгерлік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты жасалып, мұрағат ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ауылдық әкімшіліктердің арнайы ғимаратын салуды қолға алып келеміз. Биыл Нарынқол ауылдық әкімшілігінің ғимараты салынады. Оның сыртында Жамбыл, Текес, Ұзақ батыр, Шәлкөде ауылдық әкімшіліктеріне де өз алдына ғимарат салып берудің қажетті жұмыстары жасалуда. Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудандық әкімдік ғимаратының жанынан аллея жасауды қолға алып жатырмыз. Тәуелсіздік аллеясы, оның маңындағы Мұқағалидың ескерткіші Нарынқол ауылының орталығын одан сайын жайната түседі. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қарасаз, Қайнар, Сарыжаз, Сарыбастау ауылдарының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарда бар. Мұндай игілік Сүмбе, Қызылшекара, Жамбыл, Қақпақ ауылдарына да тиесілі болады. Нарынқол ауылындағы Мәдениет үйінің жанындағы жастар саябағына 99 миллион теңге бөлінді. Бұл саябақ та заманға лайық көріктендіріле түседі. Мемлекеттің «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша биыл аудандық аурухананың жанынан күніне 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы басталмақ. Қақпақ ауылдық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Жамбыл, Сүмбе ауылдарынан жаңадан Мәдениет үйлері бой көтеретін болады. Аталған ауылдарға шағын спорт алаңдарын жасатуды да қолға алдық. Тұзкөл ауылындағы Т. Мұсақұлов атындағы, Көмірші ауылындағы орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге өтінімдер берілді. Бірсыпыра Мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Таулы өңір үшін өте жағымды жаңалық әрі жақсылық бар. Атап айтқанда, Қарасаз ауылдық округінен Сәбит Алиев атты азамат басқаратын «SHV BIZ GROUP» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін цех ашу үшін былтырдан бері жұмыс жүргізіп келеді. Алдымыздағы айда салтанатты ашылуы болады деп күтілуде. Аталған цехтың жанында тауарлы сүт фермасын ашуды, мал бордақылайтын алаң жасауды көздеп отыр. Аталған серіктестік аудан аумағындағы шаруа қожалықтарынан, жекелеген малшылардан да сүт қабылдап, сүт өңдейтін цехтың берерін арттырмақ. Аталған цех сыр, сары май, қаймақ, сүзбе, сүт, айран шығарады. Аспантаулар өлкесінде ұзақ жылдардан бері сөз болып келе жатқан ет пен сүт  өңдейтін цех болса деген халықтың тілегі жүзеге асуда. Мұның сыртында Сарыжаз ауылдық округінен «Лабасы – А» кооперативі 200 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмысын толығымен аяқтады. Алдағы уақытта іске қосады.

– Атқарылған істеріңіз берекелі болып, жоспардағы шаруаларыңызға сәттілік тілей отырып, сөзіңіздің түйінін де тыңдай кетейін.

– Біз ең алдымен ауданның қайта қалпына келуіне негіз қалаған, өңір тұрғындарының өтінішін, ұсыныс-тілегін Елбасыға дейін жеткізген, сол еңбегінің нәтижесін көрген облыс әкімі Амандық Ғаббасұлына аудан тұрғындарының алғысын, ризашылығын жеткізгім келеді. Аудан қайта қалпына келгелі лайықты қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірдегі ауылшаруашылығы, өзге де салалардың өркендеуіне шапағатын тигізуде. Мемлекеттік шекарамыздың шетіне орналасқан, Райымбектей батыр бабаларымыз жауларынан қорғап, ұрпақтарына аманаттап кеткен қастерлі де қасиетті жеріміздің игілікке айналғаны, уақытпен бірге гүлденіп, көркейе түскені абзал. Елбасының Жарлығы шыққан 2018 жылы ауданда 38 мың халық болса, қазір қырық мыңға жетті. Өңірге қайта оралып, әкімшіліктерде, бөлімдерде, бюджеттік мекемелерде жұмысқа орналасып, еңбек етіп жүрген жас мамандар. Мұндай жақсы құбылыс өңірдегі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларына да тән. Біз туған жеріне оралып, еліне еңбек етіп жүрген білімді, білікті жастарымыздың болашағынан көп үміт күтеміз.

Әңгімеңізге рахмет 

Қатысты жаңалықтар

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

30.06.2026
Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.