Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әкім қабылдауы: Баспана мәселесі көп айтылды

26.05.2023
КҮЛТӨБЕ
Әкім қабылдауы: Баспана мәселесі көп айтылды

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ тұрғындарды жеке қабылдап, көкейтесті мәселелеріне құлақ асты. Аймақ басшысына кірген барлық азамат өзін мазалаған сауалын қойып, ұсыныс-тілегін жеткізді.   

Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдың басым бөлігі жеке және әлеуметтік мәселелерге арналды. Әсіресе, елді баспана жағдайы мазалайтыны байқалды. Сонымен бірге басқа да проблемалар көтеріліп, әлеуметтік көмек алу, жер, ауызсу мәселелері де сондай өтініштердің қатарынан табылды.

Әкім қабылдауына алғаш болып 90 жастан асқан қарт әжей Күлтай Измаилова кірді. Әжейдің есту қабілеті төмен болғанымен де әлі тың, сөзі нық. Айтуынша, жас кезінен мал бағып, талай жыл маңдай терлеткен. Осылайша еңбектене жүріп балаларын жеткізіп, көптен қалыспай ел қатарына қосқан. Бүгінде немересімен бірге тұратын Күлтай ананың басты арманы – баспаналы болу.

Ол өткен жылы 1695-інші болып үй кезегінде тіркеліпті. Демек, әлі де көп күту керек. Ақсамайлы әжейдің талап-тілегіне мұқият құлақ асқан облыс басшысы бүгінде үйлі болғысы келетін адам қатарының аз еместігін, сол себепті бұл мәселе өз ретімен шешімін табатынын, қажет болса заңдылықтарды сақтай отырып, мүмкіндіктердің қарастырылатынын айтты. Осыған байланысты Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Абибековке мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру тәртібін тағы да түсіндіру қажеттігі жөнінде тапсырма берді.

Текелі қаласынан келген Айдар Төлеғұлов те өз ұсынысын айтты. Оның қазіргі тұрып жатқан үйі апатты деп танылған. Сол себепті ол бұзылуға жатады. Осылайша үй иесіне басқа баспана алып берілуі тиіс. Бірақ, ол тұрғын үйді бұзу мәселесі бойынша Текелі қаласы әкімдігінің шешімімен келіспейді. Өйткені, ол бұзылған үйінің орнына өзі қалаған баспанасын алғысы келеді.

Бұл мәселеге де назар аударған облыс басшысы үй иесінің 1-топтағы мүгедек және зағип жан екенін ескере отырып, Текелі қаласының әкімі Алмас Әділге қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл мәселенің үй иесінің талабынан шығатындай 2 ай ішінде шешуді жүктеді және оның бақылауда болатынын жеткізді.    

Текелі қаласынан келген Масқұт Нұрдананы да баспана мәселесі қинайды. Оның үш баласы бар, асыраушысынан айырылған. Яғни, толық емес отбасы саналады. Жас ана қазір бала күтіміне байланысты үйде отыр. Айтуынша, балаларына алатын жәрдемақымен ғана күндерін көреді және сол ақшаға пәтер жалдап тұрады. Үй кезегіне 2021 жылы тұрыпты. Яғни, үй алу мәселесі әлі де күтуді керек етеді. Осыны түсіндірген Бейбіт Өксікбайұлы жас анаға қалайда шыдамдылық танытып, үй кезегін сабырмен тосуын өтінді және ол қуанышты күннің де алыс емес екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол жергілікті билікке келіншектің егіз балалары балабақша жасына жетіп, өзі жұмысқа орналасқанынша азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етілуін, әлеуметтік жағынан барынша көмек көрсетілуін тапсырды.

Сонау жақтан ел тілегін жеткізе келген Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық Мәдениет үйінің директоры Ербол Ақшолақов үш мәселе көтерді. Сөзінше, Қабанбай ауылында ауызсу өзекті мәселенің қатарында. Барлығы 6 588 ауыл тұрғыны бар елді мекеннің 7 көшесінде су жоқ. Ондағы жұртшылық бүгінде ауызсудан тапшылық көріп отыр. Сондай-ақ, бұл елді мекенде жалпы 3 мектеп бар. Онда қазір барлығы 1888 бала оқиды. Бірақ, спорт алаңы жоқ. Осыған байланысты Ербол Кәрімұлы мектеп маңындағы бос жатқан алаңның біріне ауыл балалары үшін спорт алаңы салынса деген өтінішін айтты.

Бұған қоса ол Қабанбай ауылындағы 1981 жылы бой көтерген Мәдениет үйінің бүгінде ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етіп отырғанын, сондай-ақ, жылу жүйелерінің де сыр беріп тұрғанын алға тартып, көмек сұрады. Облыс басшысы жоғарыда айтылған ұсыныс-тілектердің оң шешімін табуы үшін тиісті іс-шаралардың қабылданып, жұмыстар жүргізілетінін және оның бәрі назарда болатынын айтып, салаға жауапты қызметкерлерге міндеттемелер жүктеді.  

Келесі кезекте Ескелді ауданы Бақтыбай ауылынан келген кәсіпкер Эльвира Гагарина мен басқа да тұрғындар өздерін мазалаған көкейкесті ұсыныстарын айтты. Олар Алматы-Өскемен автокөлік жолы бойында орналасқан жеке үйлері мен іргелес жер телімдеріне, сонымен бірге сауда нысандарына мемлекеттен өтемақы берілуін сұрады. Аймақ басшысы бәріне өтемақы беруге бюджет қаражатының көтермейтінін және бұл мәселе бойынша сотқа жүгініп, шешім шығарылуы тиіс екенін түсіндірді. Осыған байланысты салаға жауапты лауазымды тұлғаларға  тапсырма беріп, заңнама талаптарына сәйкес нақты ұсыныстар енгізуді міндеттеді.

Айгүл Байбосынова
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.