Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КОРОНАВИРУС: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

18 наурыз 2020
КҮЛТӨБЕ
КОРОНАВИРУС: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирусқа байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, жаппай алдын алу шаралары жүргізілуде. Осыған орай Талдықорған қаласындағы қоғамдық көліктердің тазалануын бақылап, мән-жайды анықтадық.

Барлық бағыттағы автобустар күніне екі рет залалсыздандырылады. Бірінші кезеңде соңғы аялдама пункттерінде бактерияларды өлтіру үшін құрамында хлоры бар ерітіндімен автобус ішін сүртіп шығады. Екінші кезеңде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көліктің еденінен бастап, іші-сырты толық тазаланады.
– Өздеріңіз көріп тұрғандай, дәл қазір №8 бағыттағы автобусты тазалап жатырмыз. Адам қолы тиетін жерлер, яғни, шынтақшаларды, есік тұтқаларын, орындықтар дезинфекциялануда, – деді Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Алтынбеков.
Дезинфекциялық ерітінді аллергия тудырмайды және ешқандай иіс шығармайды. Мамандар жолаушылар мен  жүргізушілерден гигиена мен сақтық шараларын күшейтуді сұрауда. Сондықтан адам көп шоғырланған жерлерге бармай, қорқыныш тудырмай, сақтанған жөн.

Күн сайын залалсыздандырады

Облыс орталығында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, адам көп жүретін орындардың тазалығы басты назарға алынған.

Залалсыздандыру жұмыстарын «Талдықорған Көркейту» ЖШС атқаруда. Мекеме басшысы Владимир Қауысбековтың айтуынша адам көп жүретін жерлер күніне екі рет, аз жүретін орындар бір рет тазаланады. Натрий гипохлориді қосылған сұйықтықты сыйымдылығы 1,8 тонналық техниканың көмегімен шашуда.
– Қала аумағындағы алаңдар, жаяулар жолы және аялдамаларды күн сайын дезинфекциялаудамыз. Химиялық қоспа жеткілікті. Келісімшарт арқылы Қаскелең қаласынан күнделікті бір тонна жеткізіліп тұрады, – деді Владимир Оңалбайұлы.
Бактерияларды жоюға жұмылдырылған жаңа техника Талдықорған қаласына былтыр келді. Ерекшелігі сол, көлік сыймайтын, тар жерлерге арнайы құрылғы арқылы шашуға болады. Уақытты үнемдеу үшін ерітінді таусылған жағдайда су таситын көлік еселеп отырады. 

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.