Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨПБАЛАЛЫ ӘСКЕРИЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

3 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұзынағаш ауылында орналасқан Бауыржан Момыш-ұлы атындағы №28237 әскери бөлімі аудандық Мәдениет үйінде «Мектепке жол» акциясы шеңберінде тәрбиелік мәні зор кеш өткізді. Аталған бөлімде қызмет ететін көпбалалы әскери қызметшілердің отбасына құрмет көрсетілді. 


Алдымен аға лейтенант Жамбыл Ерназаровтың өмірбаяны таныстырылып, сахна төріне отбасы қошеметпен жайғасты. 1979 жылы Мыңбаев ауылында дүниеге келген ол Ұзынағаштағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп қабырғасында өзін жақсы қырынан танытып, мектепаралық жарыстарда көзге түседі. Алматыдағы Қазақ құқықтану және халық-аралық қатынастар университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, мерзімді әскери борышын Шымкент қаласында өтеген. Біраз уақыт әуе компаниясында жұмыс істеген соң, тұрақты әскери қызметін 2010 жылдан бастаған. 2015 жылдан бері Жамбыл Қоңыратбайұлы «бауыржаншылар» атанып кеткен осы әскери бөлімдегі білікті офицердің бірі. Жары Айгүл Мұхаметкәрімқызымен 2005 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде бес баланың әкесі атанды. Отанасы аудан орталығындағы С. Бердіқұлов атындағы орта мектепте ұстаз. Бір ұл мен төрт қыздың алды мектептің жоғары сыныбына барса, кішісі енді ғана тәй-тәй басты. Кешті жүргізушілер отағасынан бастап, отбасы мүшелерінің әрқайсысын түрлі сұрақтармен әңгімеге тартты. Сахнаға шақырылған Сәбиевтер отбасымен де осындай сыр-сұхбат болды. Төрт қыз тәрбиелеп отырған отбасының шамшырағы Айнұр Рахимова осы бөлімде сержант шенінде қызмет атқарады. Мектепте де, жоғары оқу орнында да жақсы оқыған ол 1995 жылы Асан Сәбиевпен тұрмыс құрып, бүгінде үлгілі отбасы атанды. Қыздары Алтынай халықаралық журналистика магистранты болса, Арайлым Аграрлық университеттің 4-курс, ал Айша Лингвистикалық колледждің 1-курс білімгері. Үшеуі өздерінің ой-армандарымен бөлісті. Кіші қызы Кәусар мектептің 1-сыныбына барды. 

Шараға Бауыржан Момыш-ұлының келіні Зейнеп Ахметова келіп, Отан қорғаушыларға ұлттық құндылықтарымыз төңірегіндегі тағылымы мол сөздерін арнады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов қатысып, қазақстандық патриотизм, отаншылдық, ұлттық рух туралы әңгімеледі. Қарғалы ауылындағы «Сәт» мешітінің имамы, отставкадағы полковник Серікбай қажы Нұрғалиұлы жауынгерлерді имандылыққа үндеді.  

Ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының есімін иеленген бұл әскери бөлім жауынгерлік тапсырманы орындауда үздік танылып жүрген әскери құраманың қатарында. Кеш соңында Ерназаровтар отбасындағы кенже қыздың тұсауы кесіліп, көпбалалы әскерилердің мектеп жасындағы балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.