Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨРІКТІ КӘСІПКЕР

8 наурыз 2018
КҮЛТӨБЕ
КӨРІКТІ КӘСІПКЕР
WhatsAppTelegramFacebook

    Әр істің қиюын келтіріп, түрлі салада кәсібін жүргізіп отырған жандар қазір аз емес. Қанат жайған бұл үрдіс тек қалада емес, ауыл-аймақтарда да жалғасуда.


    Кәсіпкерлікті өркендетуге қыз-келіншектер де белсенділік танытып жүр. Соның бірі Кеген ауылының тұрғыны Эльмира Оңғарбекова. Кәсіпкер келіншектің қолынан келмейтін ісі жоқ. Қай саланы болсын тез меңгеріп, ұршықша иіріп әкетеді. Өз ісін сүйетін сегіз қырлы, бір сырлы жан қыз-келіншектерді 8 НАУРЫЗ мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  
– Жерді жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап көктем келді. Дәл осы кезде Жер-ананың тоңы жібіп бусанып, тіршілік әлемі құлпыра түседі. Күн сәулесі нұрланып, жадырай шуақ шашады. Тамылжыған сәтпен бірге қыз-келіншектер де сұлуланып, шаттыққа бөленеді. Көктемнің алғашқы күндерінде-ақ дүние дидары нәзік жандылардың көңіліне ауады. Өйткені, бұл күндері қыз-келіншектердің   8 наурыз мерекесі тойланады. Сондықтан болар, бұл күнді ақ шашты қариядан бастап, жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Ерекше мейрамды ер-азаматтар да назардан тыс қалдырған емес. Сондықтан біз де аналарымыз бен әпкелерімізге, жеңгелеріміз бен сіңлілерімізге өмірдегі бар жақсылықты тілеп, оларға ең бірінші әйел бақыты мен көтеріңкі көңіл-күй және мықты денсаулық тілейміз. Барлық Ананың отбасында тек мол береке мен бақыт, шаттық пен сәттілік болсын! Табиғаттың тамаша мерзімі көктемдей құлпыра жасарып, ер-азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер демекпін, – дейді Эльмира Оңғарбекова. 
    Кәсіпкер келіншек өмірлік серігі Бақтияр Өмірбеков екеуі үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі. Спортты да жаны сүйеді. Өйткені, ол волейболдан Кегендегі қыздар «Динамо» командасының алғыр ойыншысы.  

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
Кеген ауылы,
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31
Елде жаңа ұшу-қону жолақтары салынады

Елде жаңа ұшу-қону жолақтары салынады

Бүгін, 11:30
Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлік үй бойынша төлемқабілеттілікті растау басталды

Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлік үй бойынша төлемқабілеттілікті растау басталды

Бүгін, 11:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.