Талдықорған: +20°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЛАТЫН: ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТЕТІН ІТ-ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

29.05.2019
КҮЛТӨБЕ
ЛАТЫН: ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТЕТІН ІТ-ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты конференция өтті.

Шараға облыстық білім беру ұйымдары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары, облыстық полиция департаменті, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты. 

Алғаш болып сөз алған І.Жансүгіров  атындағы ЖМУ-дің кафедра меңгерушісі  Гүлім Шөкенаева «Жаңа емле ережелері  –  қазақ тілін реформалаудың басты тетігі» тақырыбында көлемді  баяндама жасап, латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережелерін бүге-шігесіне дейін  түсіндірді. Ол өз сөзінде:

– Жазуда дәстүрдің маңызы зор. Өйткені, ол графикалық санамен тікелей байланысты. Қазіргі адамдардың барлығының санасында сөздердің графикалық бейнесі бар, – дей келе, төл сөздерді жазуда тарихи-дәстүрлі қағида сақталғандығын айтты.

Бүгінде латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесін көпшілікке таныстыруда жаңа технологиялардың маңызы зор. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Нұржан Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгеру мақсатында әзірлеген бірнеше IT-жобаларымен таныстырды. Атап айтсақ, «Qazlatyn.kz», «Tilqural.kz», «Sozdikqor.kz» порталдары және 2019 жылы шыққан отандық өнім «Селтең сері» атты 70 минуттық  толықметражды мультфильм. Бұл IT-жобалар кез келген адамға жаңа қаріпте еркін жазуы үшін үлкен мүмкіндік сыйлайды.

– 3D графикасымен жасалған анимациялық фильмде кейіпкер шытырман оқиғаларға тап бола отырып, туған жерді сүю, Отанды қорғау, достық пен сенім, ауызбірлік сынды жақсы қасиеттерді үйренеді. Мультфильм қазақ тілінде дубляждалған, көрсетілім кезінде  дыбысталумен қатар оқиға барысы толық латын негізіндегі қазақ әліпбиінде субтитр берілген. Көрермен анимациялық фильмді қарай отырып, жаңа әліпбимен жазуды да меңгере алады, – деді ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Нұржан Бижомартұлы. Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған порталдардың бірі әрі маңыздысы, тікелей латыннегізді қазақ әліпбиіне қызмет ету үшін құрылған «Qazlatyn.kz» – ұлттық порталы  екенін түсіндіріп өтті.

– Порталдағы Qazlatyn көпфункционалды конверттері көпшілікке көмекші болары анық. Өйткені конверттерде  электронды мәтінді кириллден латынға, төтеге және керісінше аудару қызметтерін кез келген адам пайдалана алады. Пайдаланушы 5000 символға дейінгі мәтінді көшіріп салу арқылы немесе қолмен теру арқылы конвертациялай алады, – деп қатысушылармен тәжірибе жүргізді. Сондай-ақ, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушысы  Жанар Елесбаева «Әліпби ауыстыру – қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты» тақырыбында баяндама жасап, шараны қорытындылады.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.