Талдықорған: +24°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕМДІК ӘУЕНДЕРДІ ҚОБЫЗДА ОЙНАЙДЫ

06.08.2021
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕМДІК ӘУЕНДЕРДІ ҚОБЫЗДА ОЙНАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандық  талантты жас Аида Айдынқызы қазақ халқының ежелгі аспабы қобызда әлемдік танымал әуендерді ойнайды. Ол Н. Тілендиев атындағы музыкалық балалар мектебінің, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің түлегі. Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3-курс студенті. Аида қазақ музыкасын, қобыз аспабын насихаттау мақсатында кавер-видеолар түсіріп, әлеуметтік желіде жариялайды. Оның айтуынша, қобыз – халқымыздың тарихын, өзіндік жолын, сарынын  жеткізуші аспап.  Мұндай ерекше аспаптың үнін бүкіл әлем сүйсіне тыңдайды. Бұл турасында Аида Айдынқызының өзінен сұрап-білген едік.


– Аида, жалпы өнерге қалай келдіңіз? Сіздің бойыңыздағы дарын қалай ашылды?
– Сөздің шыны керек, туған-туыс, ата-анамның өнерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл қызығушылықтан туған іс деп айта аламын.  Қобызды немесе басқа да музыкалық аспаптарды таңдау мүмкіндігім болмады.  Яғни, қобыз  мені  таңдады.  4-ші сыныпта оқып жүрген кезім болатын. Мектепке қобыздан дәріс беретін екі мұғалім келіп, аспапта шығарма ойнап берді. Ол кезде музыка мектебіне іріктеу жүріп жатқан екен. Қаншама баланың ішінен ұстаздардың маған көзі түсіп, шақырту алдым. Бәрі тез болып кетті. Музыка мектебіне қалай түскенімді білмей де қалдым. Алғашқыда бұл жай ғана хобби еді, қазір сүйікті ісіме айналды.

– Еліміздегі дәстүрлі өнердің дамуына қандай баға бересіз?
– Менің ойымша, дәстүрлі өнердің дамуы орта деңгейде. Өнерді дамыту үшін алдымен қарапайым халықтың  қызығушылығын арттыру керек. Дәстүрлі өнерді дамытып, насихаттау өнер адамдарының  борышы деп ойлаймын. Жалпы әр қазақтың бойында ұлттық аспап домбыра мен қобызға деген жақындық  болуы керек.

– Бұл аспаптың тылсымын түйсіне алдым деп ойлайсыз ба?
– Қобыз қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, үлкен бір мәні бар қастерлі мұра. Қобызда ойнап жүргеніме 13 жыл болып қалды. Оның тылсымын уақыт өте түсініп келемін. Қобыз ерекше қоңыр үнімен, өзіне ғана тән сиқырымен баурайды. Оны үйрену үшін, ең бастысы, адамда ниет болу керек. Оңай дүние жоқ, қобыз тартып үйрену үшін көп еңбектену қажет. Сағаттап тапжылмай отырып, нәзік ішектерін сүйіспеншілікпен басып, оның бар қасиетін сезінуің керек. Бір шығарманың өзін ойдағыдай шығару үшін жарты жылдан аса уақыт кетеді. Егер қобыз үні жаныңызды баурап, оның тылсым сырына қаныққыңыз келсе тек алға дегім келеді. Өйткені біз қобыз арқылы қазақ өнерін әлемге паш ете аламыз.

– “Қобыз аспабы болашақта тек мұражайдан табылуы мүмкін” деген пікір айтылып жатады. Бұған не дейсіз?
– Мүлдем келіспеймін. Себебі, жылдан жылға қобыз аспабына деген қызығушылық артуда. Сондықтан бұл аспаптың болашағы зор деп ойлаймын. Мен үшін қобыз өмірімнің  мәніне айналды. Әрдайым әсем үнімен баурайды. Қобызға қызығатын мен сияқты әлі талай жастар табылады деп ойлаймын. Болашақта осы аспапты дамытып, сүйікті ісіммен айналыссам деймін.

– Әлеуметтік желіде қобызды насихаттауыңызға не себеп? Оқырмандар оны қалай қабылдауда?
– Қобыз аспабын және қазақ музыкасын насихаттау мақсатында әлеуметтік желіде видеолар сала бастадым. Осы күнге дейін қобыздың үнімен Relax, Take It Easy – Mika; Love Me like You Do – Ellie Goulding;  Smells like Teen Spirit – Nirvana;  Perfect – Ed Sheeran; Way Back Home Shaun;  Dönmek – Aytekin Ataş;  Yasli – Soner Akalin шетелдік танымал әуендерін орындадым. Бұл әлеуметтік желідегі оқырмандарымның көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын. Тек қана Қазақстаннан емес, көрші мемлекеттерден де қызығушылық танытып, жылы лебіздерін білдіріп жатқандар көп.
– Әңгімеңізге рахмет. Өнер жолында бағындырар биіктеріңіз көп болсын!

Сұхбаттасқан 
Айгерім Есімхан

Талдықорған қаласы       

 

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.