Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАЛҒАСАДЫ

26 желтоқсан 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілді. Облысымызда биыл 67,5 мың адамның 45,3 мыңы жұмысқа орналасты, оның ішінде 35,1 мың адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарына орналастыру көрсеткіші Кеген, Талғар аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында төмен. 


Бұл деректер Талдықорғандағы Оқушылар сарайында өткен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа мәжілісінде айтылды. Аталған басқарманың басшысы Маржан Мұратқызы өтіп бара жатқан жылдың есебін оқып, келер жылға арналған жоспарды таныстырды. Ол сөзінде: 
– Жол картасының 84, 85 тармақтарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде 5 жылға 1294 объектіні, ал жылына 259 объектіні бейімдеу жоспарланған,– деп келер жылғы  мақсатын жеткізді. Сондай-ақ, өз баяндамасында М. Мұратқызы Мемлекет басшысы Жолдауда баса назар аударған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тең мүмкіндік жасау жолында да бірқатар істер атқарылып жатқанын айтты. Мәселен, облысымызда 66,3 мың мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оларды әлеуметтік қорғау және қолдау жөніндегі шаралар кешені көзделген. 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 786 отбасына өсті. Ең көп көрсеткішке ие – Қапшағай, Талдықорған қалалары мен Еңбекшіқазақ, Панфилов, Іле, Талғар аудандары.

Алқа отырысында екінші болып мінберге шығып, баяндамасын оқыған облыстық көші-қон қызметі басқармасы азаматтық және иммиграция бөлімінің бастығы Ерлан Райымбеков Парламентте дүркін-дүркін айтылып, арнайы заң қабылданған еңбекші мигранттарға рұқсат беру және босқын мәртебесін алу жөнінде жан-жақты айтып, оның жолдарын түсіндірді. Мысалы, облысымызда бүгінгі күнге дейін 29 адам босқын мәртебесін алған. Әлі де кезекте тұрғандар бар. Оларға арнайы комиссия құрылып, мәртебе беру болмаса шегеру турасында шешім қабылдайды. 

Жиын барысында бірқатар қызметкер әлеуметтік қорғау саласындағы жемісті жұмысы үшін, сондай-ақ, індет кезіндегі  ерекше еңбегі үшін «Халық алғысы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен және облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың Алғыс хатымен марапатталды  

Қали АСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.