Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕН АШЫЛДЫ

2 қазан 2019
КҮЛТӨБЕ
МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕН АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданындағы Быжы стансысында теміржолшыларға арналған мемориалды кешен ашылды. Кешен стансының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан басшылығы, Алматы жол дистанциясының өкілдері, теміржолшылардың ұрпақтары мен жергілікті меценаттар көмегімен тұрғызылды.

Онда бар ғұмырын теміржол саласына арнаған 150 қызметкердің есімі жазылған. Мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойғаннан кейін ашылу салтанатында құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Алмас Әділ:

— Теміржолда жұмыс істеу ауыр еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Еліміздің бүкіл өркендеу кезеңінде теміржол мен автомобиль жолдарының құрылысы тоқтаған жоқ. Өйткені көлік коммуникациясын дамытпайынша экономика өрістемейді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан теміржол инфрақұрылымына 800 млрд. теңгеден астам инвестиция бөлініп, 1 700 шақырым жаңа теміржол салынды. Түрксіб теміржол магистралінің бір бөлігі Көксу ауданының аумағынан өтеді. Мыңдаған шақырымға созылған шойын жол талай адамға жұмыс беріп, жолаушы және жүк тасымалын үздіксіз қамтамасыз етіп, ел экономикасына өлшеусіз үлес қосуда, – деп стансының тарихына тоқталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Келесі жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралінің пайдалануға берілгеніне 90 жыл толады. 1927 жылдың 18 мамырында РФСР-дің халық комиссариаты «Түркістан-Сібір» теміржолын салу туралы қаулы қабылдады. Жетісу теміржолына жәрдем комитеті ұйымдастырылып, комитет төрағасы болып Тұрар Рысқұлов бекітіледі. Түрксіб құрылысына орта есеппен 50 мың адам қатысқан. Солардың қатарында Нұрмолда Алдабергенов, Балғабай Аманбеков, Олжабай Байтулақов сынды елге еңбегі сіңген азаматтар бар. Быжы стансысының тарихы туралы Көксу ауданының Құрметті азаматы, журналист Нұрила Бектемірова терең әңгімелеп, теміржолда қызмет еткен еңбеккерлерді атап өтті.

Быжы стансысында Мұқыр машина-трактор шеберханасының мұнай қоймасы да болған. Ол жерден ауданға қажетті барлық жанар-жағар май тасымалданды. Быжы стансысында теміржолға қажетті құм-қиыршық карьері де жұмыс істеді. Бұл карьердің 75 пайызы Түрксіб теміржолын салу барысында пайдаланылған. Мемориалды кешеннің өткен тарихты санаға түйіп, ұрпақтарға үлгі көрсету бағытында маңызы зор.

Мәулен Әнербай
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.