Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мен жастарға сенемін: Мағжан арманы орындалды ма?

23.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Мен жастарға сенемін: Мағжан арманы орындалды ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Ол қысқа ғұмырын  ел тағдырына арнады.  Жүрегі «Алаш» деп соққан ақынның бар арманы – қазақтың азаттығы. 

Өткен жылы режиссер Дархан Сәркеновтің «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» атты  тарихи драмалық телехикаясы  жарыққа шықты. Телехикаяда Мағжан Жұмабаевтың 1915-1921 жылдар аралығындағы өмір жолы баяндалады.  Фильмдегі «Мен жастарға сенемін» өлеңі  сол дәуірдің  жастарына ұран болып, рухтандырып,  күш-қуат берген.  Ал осы өлең ХХІ ғасыр жастарының рухы, өмірлік ұстанымына қалай әсер етті?!  Телехикаяны тамашалай отырып,  осы сұрақ көкейімде орын алды. Мағжанды қазіргі заман жастары қаншалықты біледі, шығармаларын оқи ма деген сұрақ төңірегінде  зерттеу жұмысын  жүргізгім келді. Алдымен өлеңнің мазмұнына  зер салайықшы. «Мен жастарға сенемін»  өлеңі – ұлтжандылықтың ұраны.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін! 

Алаш қайраткері өлең арқылы жастарға сенім артып, айбатты болуға үндейді. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай, «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» екенін ұғындырады. Қазақтың   намысшыл, ешкімге есесін жібермейтін көкірегі ояу болғанын армандайды. Себебі, орыстандыру саясаты қазақты басып-жаншып, жағымпаз, талаптан аса алмайтын, қорқақ болуға көндіріп жатқан кез еді. Ол мінезбен біз ешқашан өзімізді  жеке мемлекет етіп алып шыға алмасымыз анық еді. Ақын бір ғана өлеңі арқылы  болашақты бағындыру үшін ез болмауға үндейді. Өздері мықты еді, бірақ қызыл саясат өрістетпеді. Өзі шыға алмаған биікке  Алаштың ұл-қыздарының жеткенін көздейді, елдің тұтқасы болғанын қалайды.  Ол Тәуелсіздікті жігерлі жастардың қолымен келетінін білді және соларға сенім артты. 

Мағжан Жұмабаевтың үні бүгін де, ертең де керек. Ақын өлеңдері жастарды  ұлтжандылыққа тәрбиелейді. 

«Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы біз де көптеген игі іске батыл қадам басып келеміз. Алаш арысының сенімі  күш-қуат береді. 

Зерттеу жұмысыма жетекшілік еткен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Игисинова маған бағыт-бағдар бере отырып,  шабыттандырды.  Мағжан туралы деректерді жинауыма жол сілтеп отырды.  Абайды үлгі тұтқан  Мағжан ақынның өлеңдері әр қазаққа  шамшырақ болуы тиіс.  Біз, жастар  Мағжан ақынның туындыларын әлі де толыққанды оқып, санамызға   сіңірген жоқпыз.  

Зерттеу жұмысымды бастамас бұрын, мектеп оқушылары мен көшеде кездескен жастардан «Мен жастарға сенемін»  телехикаясын көрдіңіз бе, ақынның қандай өлеңдерін  білесің?»  деп сұрақ қойдым. Сұрағыма қанағаттанарлықтай  жауап ала алмадым. Көбісі Мағжанның Алаш қайраткері, ұлт ақыны екенін айтумен ғана шектелді. Тіпті киносын көрмегендері де болды, «Мен жастарға сенемін» өлеңін  жатқа айта алмайтындар көптеп кездесті. «Мағжан. Мен жастарға сенемін» фильміндегі Мағжанның өлеңін жатқа оқитын  жастар мен осы күнгі жастардың айырмашылығын байқадым. «Жастар Мағжан өлеңдерін не себепті білмейді?»  деген сұраққа жауап іздедім.  Мағжан ақынның шығармалары жоқтың қасы екен. Қазақ әдебиеті оқулығында ақынның «Батыр Баян» поэмасынан басқа шығармалары қамтылмағанын анықтадым. Жаңартылған білім бағдарламасының  алдындағы оқу бағдарламасында ақынның  «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Мен кім?» деген өлеңдері болғанын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері айтты. Оны бағдарламадан неге алып тастады екен деген ой  мазалады…  Оқу бағдарламасында болмаса,  ақын өлеңдерін оқушылар қайдан жаттасын? 

Аға буын өкілдері   қырандай күшті, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты   ұлт  мүддесі үшін қызмет атқаратын  жастарымызбен мақтануы керек. 

Зерттеу жобамды жүргізе отырып, жан дүниемде  бір алапат сезім оянып, ерекше күйге еніп, масаттанып, мақтандым. «Біз –  Мағжан сүйген жастармыз»,– деп  айқайлап, жар салғым келеді.   

Қорыта айтқанда, ақын мұрасын барша халыққа насихаттау үшін мынадай ұсыныс айтсам деп едім. Бірінші, мектеп бағдарламасына «Мағжантану» курсы енгізілсе.  Мағжан шығармаларын қазіргі заман талабына сай электронды кітапқа айналдырып, әлеуметтік желілерде Мағжанның жеке парағын ашса. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасына ақынның шығармалары толық насихатталса. Бұл менің перзенттік арманым. 

Жанель САМАТОВА, 
№ 14 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы
Талдықорған қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

03.08.2026
Тарихи сабақтастық

Бірлік бар жерде…

03.08.2026
ІІМ Telegram арнадағы жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

03.08.2026
Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

03.08.2026
Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

03.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.