Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің міндетіне зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық- әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.
2020 жылы 278939 зейнет-ақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Оның ішінде 136258 жаңа зейнетақы және бұрын тағайындалған істердің 142681 электрондық макеті қайта қаралды. Тағайындалған 278939 электрондық іс макеттерінен 115982-і мемлекеттік қызметтер бойынша тағайындалды. Атап айтар болсақ, жасы бойынша зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, №1 тізім бойынша, бала тууына байланысты, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін, бала кезінен І топтағы мүгедектің күтіміне байланысты, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы анаға, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, көпбалалы отбасыларға тағайындалған мемлекеттік, мемлекеттік кепілдік, жерлеуге төленетін арнайы мемелкеттік жәрдемақылар бойынша қызмет көрсетілді. 2020 жылы департаменттің 11 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 22622 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауды 2019 жылдың кезеңімен салыстырғанда 2655 мемлекеттік қызметке аз.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының азаюы алғашқы мүгедектік деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 17-тармағына сәйкес, қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір ай бұрын басталған мүгедектік мерзімін үш айға автоматты түрде ұзартумен байланысты.
2020 жылы алғаш рет 4381 адам мүгедек деп танылды. Алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 21,1 пайызды көрсетті. 2020 жылы 16 жасқа дейінгі балалар арасында алғаш рет 1041 бала мүгедек деп танылған балалар арасында 23,7 пайызды құрады. 2020 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша 43 тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР заңнамасының талаптары бойынша, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 39 субъектіге нұсқама енгізілді. Бірінші жоспардан тыс тексеруде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы және «ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының талаптары сақталмауына байланысты, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды. 291 бұзушылық анықталды, оның 178-і жойылды. Департаменттің және облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлерге мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Департамент тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік бақылаудың барлық түрі бойынша облыстық және аудандық газеттерде 47 мақала жарық көрсе, оның 9-ы интернет-ресурстарда, 11-і теледидар алаңындағы ашық сұхбат түрінде өтті. 129 семинар-кеңес, 22 халықпен кездесу, 17 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде 110-нан астам материал жарияланды. Instagram және Facebook аккаунттарында халықтың құқықтық мәдениетін жақсарту мақсатында «Адалдық алаңы», «Адал көмек» жобасы аясында тікелей эфирде медициналық-әлеуметтік сараптама, зейнетақымен қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау бойынша халықпен 12 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
«Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
З. ІЛІМЖАНОВА,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша
департаментінің басшысы




