Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ӨМІРБҰЛАҚ» МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ

01.10.2019
КҮЛТӨБЕ
"ӨМІРБҰЛАҚ" МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер… Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап көрсеткен болатын.


Осы бір жалынды сөз бүгінде елім деген азаматтардың намысын қайрап, туған жеріне шарапатын тигізуге сеп болды. Олар өздерінің туып-өскен жеріне игілікті іс жасауды қолға алуда. Сондай бір жайдарман жаңалық Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылының іргесінде орын алды.

Кезінде арлы-берлі қатынаған жолаушылардың ат басын бұрып, дамылдап, қайнардың салқын суымен шөлін басатын жол үстіндегі шағын саябақ үлгісіндегі тынығу орны болған жерден «Өмірбұлақ» атты махаббат ескерткіші ашылды. Оның бой көтеруіне Қонаев атындағы заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири тікелей мұрындық болды. Атап айтқанда, меценат бұл тасмүсіндердің тұрғызылуына 20 миллион теңге қаражат жұмсаған. 

Бұл махаббат ескерткішінің осы жерге орнатылуының да өзіндік сыры бар екенін Өмірәлі Шакарапұлы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде айтып берді.

– Мен зайыбым Кәшипа екеуміз де Жетісу ауылының орта мектебінде оқығанбыз. Екеуміз тұңғыш рет осы бұлақ басында танысып, кейіннен дәм-тұзымыз жарасып, шаңырақ көтердік. Ұлдарымызды ұяға, қыздарымызды қияға қондырып, немерелердің қызығын көріп отырмыз. Міне, екеуміздің отау құрғанымызға табаны күректей елу жыл толып отыр. Жартығасырлық мерейтойымыздың құрметіне осы махаббат ескерткішін орнатып отырмыз. Ондағы мақсатымыз – осы тасмүсін мәңгілік махаббаттың символы ретінде осында келіп, бұлақтың суынан дәм татқан жас жұбайлардың да махаббаттарының мөлдір болуына ықпал етіп, біздің жолымызды берсін деген тілегіміз еді, – деп ағынан жарылды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов өз сөзінде игі іске арқау болған меценат Өмірәлі Шакарапұлына алғыс айтып, алдағы уақытта да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүйелі істер атқарылатынына сенімі зор екенін жеткізді.

Қазақстанның белгілі қаламгері, ақын Шөмішбай Сариев елу жылдық мерейтойға және бүгінгі ашылып отырған махаббат ескерткішіне арнап жазылған сиясы кеппеген өлеңін жұртшылық алдында оқып берді. Жиналған қауым махаббат тақырыбында сахналанған көріністі тамашалап, дән риза болды.

Тасмүсіннің жамылғысы сыпырылып, жиналғандар сүйсіне тамашалай бастады. Солардың қатарында жаңа өмірге аяқ басып, отау құрғалы тұрған 2 жұп та осы махаббат ескерткішінің жанына келіп, қуанышты сәттің куәсі болды. Жас жұбайларға мерейтой иелерінің атынан шағын сыйлықтар табысталды.

Алтын тойдың куәсі болып, «Өмірбұлақ» стеласының ашылу салтанатына  облыстық мәдениет басқармасының басшы-сы Марлен Көлбаев, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры Әли Алпысбаев, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Текелі қаласының әкімдері, Қазақстанның бір топ танымал өнер қайраткерлері, ақындар, актерлар мен әншілер қатысты.

Шора БАТЫРБАЕВ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Болашақ туризмнің белдеуі

Болашақ туризмнің белдеуі

09.07.2026
Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

09.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан құжат

Тарихтан тамыр тартқан құжат

09.07.2026
Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

09.07.2026
Жауапты қызметтің талапты міндеті

Жауапты қызметтің талапты міндеті

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.