Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Нұрмолда мақтаған қыз

01.04.2022
КҮЛТӨБЕ
Нұрмолда мақтаған қыз
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қашанда қыз баланы ерекше қадірлеген. Басқа ошақтың түтінін түтететін, шырағын жағатын оларды қонақ тұтып, төрден орын берген. Ақын мен батырды да, әнші мен күйшіні де, би мен шешенді де өмірге әкелген ардақты ана. Сол себепті небір мықты да, алып та ананың алдында бас иген. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең – қызыңды тәрбиеле!» деген даналық сөздің мәні тым тереңде жатыр. Ел мақтанышы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Жер бетіндегі ең батыр адам… ол – қыз. Мен қанша батыр болсам да бөтен, танымайтын елде бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіре, сыйлата да алады» деген сөзі ерекше қабілетімен халықтың ыстық ықыласына бөленген Мариям Айтбайқызы Байқановаға арнап айтылғандай. Оған себеп тым көп. Олай болса, қазақ деген ұлттың маңдайына бақ боп біткен қаһарман қыздың өмір жолына үңілейік.

Мариям Айтбайқызының өмір есігін ашуы Екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келеді. 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында кіндік қаны тамғанымен Жетісу жеріне келін болып, тамыр жайды. Жігіттің сұлтаны, аймақтың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Марат Байқановпен шаңырақ көтеріп, ел қызығарлық жұп болуы бір емес, бірнеше кітапқа жүк боларлық дүние. Жә, бұл туралы кейін кеңірек тоқталамыз. Алдымен қарапайым ғана жұмысшы Айтбай мен Қазира отбасын қуанышқа бөлеген нәресте жайлы сырмен бөліссек. 
Ата-анасына, бір әпкесі мен бес ағасына еркін еркелетпей, қыз болып қуыршақ ойнауға мүмкіндік бермей балалығын ұрлаған сұм соғыс басталғанда үлкен ағасы Мерғазы танк әскерінде жаумен алысып, 1941 жылдың аяғында Киев түбінде қайтыс болады. Одан кейін екінші ағасы Мерқан да ұшқыштар мектебін бітірген соң майданға аттанды. Өлім мен өмір айқасында бүтін адамзаттың, әлем елдерінің тағдыры сынға ұшырап жатқан тұста әкесі Айтбай да 45 жасында соғысқа шақырылады. Кенжесін құшырланып иіскеп үлгермеген, бал қылығын қызықтап бітпеген әкеге осылайша қару асынуға тура келді. 
Үлкен ұлының жаназасынан кейін анасы Қазира небәрі 40 жасында жүрек талмасынан қайтыс болып, өмірімен қош айтысты. Аузынан ана сүті кетпеген Мариям бұл кезде бар болғаны 2 жаста еді. 
Бұл қайғылы оқиға Шәмшия әпкесі мен ағалары Нұрхан, Уәлихан, Әмірханға да оңай соқпады. Ойда жоқта анадан айырылып, аңырап қалғанда жандарына үміт сәулесін сепкен әкелері болды. Алланың қалауымен, періштедей нәрестелерінің тілеуімен араға 9 жыл салып, әкесі 1954 жылы соғыстан аман-есен оралады. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Әкесі екінші рет үйленіп, осы некеден Нұржамал, Гүлжамал, Гүлнарай, Роза атты                                            4 сіңлісі мен Сейілхан есімді бір інісі өмірге келеді. 
Соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезіндегі еңбек Мариямды ерте есейтті. Бала кезінен бастап еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа бой үйретіп, сабырлы, ибалы, инабатты болып бойжетті. Еңбектің наны тәтті екенін осы кезде шындап ұғынды. «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Бөкейхановтың сөзін басшылыққа алып, ел ертеңі үшін тынбай еңбектенуге бел байлады. Бір шетінен көпағайынды атануы да көпшіл болуға үндеп, өзінің ғана емес, айналасындағы жақындарына да қамқорлық танытуға ықпал етті. Бұл ізгі қасиеттер алдағы күндеріне шуақ шашып, жолымен бірге бағын ашты. Оның шарапатын бір қауым елі көріп, қазір толассыз алғыс жаудыруда.
Мектеп қабырғасында жүргенде көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсіп, үздік оқушылардың қатарында болды. Жетінші сыныпты бітірген соң 1956 жылы Семей педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оны 1959 жылы үздік тамамдап, тамыз айында жолдамамен Жетісудың жүрегі Талдықорғанға келеді. Еңбек жолын балабақша тәрбиешісі болып бастап, кейін қалалық комсомол комитетінде қызмет етеді. Білімін жетілдіру мақсатында 1961 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейін Мәскеу қаласындағы Жоғары партия мектебінде алты айлық курстан өтеді. Мәскеуден келген соң аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі қызметінде мектеп, училище, техникумдардың пионер, комсомол ұйымдарымен жұмыс істеп, әртүрлі мәдени, патриоттық шаралар ұйымдастырды. Өскелең ұрпақты Отанды сүйіп, оны бағалауға, бойында бар қабілетті ашуға, ыждағатпен еңбек етуге баулыды.
Дәл осы жылдың қазан айында шаруашылық саласында малдәрігерлік міндетін талай жыл адал атқарған болашақ жары Марат Құрмашұлымен танысады. Жұмыс бабымен мектеп, училище, техникумдарды аралап, әртүрлі мерекелік шаралардың басы-қасында жүрген Мариям Айтбайқызы Қазан мерекесі қарсаңында ветеринарлық техникумға келеді. Онда көбіне өндірістен келген немесе әскери борышын өтеген студенттер оқитын. Жеті қырлы, бір сырлы 3-курс білімгері Марат Байқанов сахнаға шығып, «Дело было в Пенькове» фильміндегі «От людей на деревне не спрятаться» деген әнді нақышына келтіріп шырқайды. Оның сурет салумен, қабырға газетін шығарумен айналсып, өнері арқылы көптің құрметіне бөленіп жүрген кезі. Екеуінің де жүрегіне жылылық сыйлап, махаббат жемісін еккен таныстық тамырланып, кейіннен кинотеатрға, концертке бірге барып, саябақ аралайтын бақытты шақтарды бастан өткерді. 
Өмір бір қалыпта тұрмайды. Мариям 1962 жылдың қаңтарында Алматы облыстық комсомол комитетіне жұмысқа ауысып, онда 1963 жылдың ақпан айына дейін қызмет етті. Арадағы жүздеген шақырым екеуінің арасын алшақтатпай, керісінше, сүйіспеншілік сағынышты арттырып, махаббаттың мәнін терең ұғынуға сеп болды. Марат мереке немесе демалыс күндері барып, ару Алматының көшесінде бірге қыдыратын. Оның көпшіл, жайдары мінезі, адамдармен тез тіл табысуы, орынды қалжыңдайтын қасиеті адами болмысын биіктете берді. 
1963 жылы ақпанда басталған комсомолдың есеп беру конференцияларының нәтижесінде Мариям Айтбайқызы Талдықорған ауданына өкіл болып келіп, осында аудандық комсомол комитетінің 2-ші, біраз уақыттан кейін 1-ші хатшысы болып сайланды. Осы қызметте жүрген кезінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтен мақтау естиді. Бұл туралы бірге қызмет етіп, тумай туысқан атанған әріптесі Жекен Жетпісбаев: 
– Мен ауылдық комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істейтінмін. Мариям Айтбайқызы аудандық комсомол комитетінің хатшысы. Біздің ауыл республика бойынша барлық көрсеткіштен алдыңғы қатарда еді. Сондықтан аймақтардан бөлек, шетелден арнайы келетін делегаттар көп болды. Ауылды, ондағы мәдениетті, жетістіктерімізді көруге келген делегаттарды  Мариям Айтбайқызы жастармен таныстыратын. Нұрмолда Алдабергенов жастарға ерекше көңіл бөлетін. Сондай жиындарда тәрбиелік сөздерін айтатын. Әлі есімде, делегаттар қайтып кеткен соң Нұрмолда ағамыз бәрімізді жинап алды да: «Мариям деген қызды қараңдаршы, қалай сөйлейді, киген киімі қандай, сөзі нық, өте мәдениетті, білімді, тәрбиелі қыз екен. Біздің қыздарды да солай тәрбиелеу керек. Еңбекке талпындырып, оқыту қажет. Кірген кірісі, сәлемдескені, жағдайды түсіндіргені қандай тамаша?!», – деп таңқалатын. Бір емес, бірнеше рет бізге үлгі, өнеге, мақтаныш етіп айтқаны көз алдымызда. «Қазақ қызының барлығы осындай болса, шіркін-ай» деп аузынан тастамайтын, – деп әңгімелейді. 
Шынымен, Нұрмолда Алдабергенов секілді қоғам қайраткерінен мақтау есту – бәріне бірдей бұйыра бермейтін бақ. Тумысынан қарапайымдылықты бойына сіңіріп өскен Мариям Айтбайқызына берілген бұл баға қызметтік жолында жаңа жетістіктерді бағындырып, биік белестерге шығуына септігін тигізді. Бірақ та мақтан қуып, пенделікке бой алдырмады. Абай Құнанбаев айтып кеткен «бес асыл істі» шамшырақ қылып, болашағына бағдар ете білді. 
Алматыда жүріп көшелері тап-таза, биік ағаштар сән беретін, сағынышқа айналған Талдықорғанға қайта оралғанда қуанышында шек болмады. Марат Байқанов 1964 жылдың маусым айында техникумды бітіріп, қалаға да, облысқа да қызмет көрсететін қалалық ветеринарлық стансыға жұмысқа қабылданды. Сол жылы екеуі шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірге қадам басты. Арман-мақсаттары бір арнаға тоғысқан жалынды жастар ізденуден талмай, білім қуды. Мариям С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірсе, Марат Алматы малдәрігерлік институтының ветеринария факультетін тамамдайды. 1964 жылдың қараша айында Айгүл, 1969 жылдың мамырында Мәлік есімді ұл-қыздары өмірге келіп, бал қылығымен қуаныш сыйлады. Әке, ана атты ұлағатты атаулардың жауапкершілігін сезіндіріп, өмірлерін мәнді де сәнді қылды.
Маңдай термен еткен еңбегі еленіп Мариям Байқанова 1965 жылдың наурыз айында аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, Талдықорған аудандық атқару комитетінің хатшысы қызметінде 1968 жылдың қаңтар айына дейін қызмет етті. Кейін Талдықорған облысы қайта құрылуына байланысты облыстық кәсіподақтар кеңесіне жұмысқа орналасып, мемлекеттік мекемелер жұмыскерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы болып қызметі өседі. 
1973 жылы маусым айында облыстық партия комитетінің хатшысы Бәйкен Әшімов шақырып, еңбегін ерекше бағалайтынын айтып, Ақсу аудандық партия комитетіне жұмысқа жіберу жөніндегі пікірін білдіреді. Мариям Айтбайқызы артылған үлкен сенімі үшін алғыс айтып, Ақсуға барудан бас тартады. Бұл мәселе жабылды деп ойлағанмен қыркүйек айының басында өзін жақсы танитын облыстық комитеттің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Меңғали Жақсыгелдінов телефон соғып: «Ертең сағат 12-де облыстық комитеттің бірінші хатшысы Әріпбай Алыбаев сізді партия билетімен шақырып жатыр. Ол сіздің Ақсуға барудан бас тартқаныңызды біледі. Осы жолы келісуіңіз керек», – деді. Белгіленген уақытта келгенде Әріпбай Әлібайұлы да жайбарақат әңгіме өрбітіп, отбасы, жұмысы туралы сұрап келіп, 2 күннен кейін Ақсу аудандық партия комитетінің пленумы болатынын қысқаша айтты. Пленум өтіп, Мариям Айтбайқызы сонда хатшылыққа сайланады.
Осылайша елдің беткеұстар қос маманы өмірлерінің ең жарқын сәттерін Ақсу өңірінде өткереді. 1973-1982 жылдары ауыл, аудан, қала берді қала сөрелерінің бос қалмауы үшін қажырлы еңбек етті. Осы жылдары облыс экономикасы қарқынды өрлеп, Ақсу ауданы социалистік жарыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бірнеше рет КСРО және Қазақ КСР-нің ауыспалы Қызыл туына ие болды. 
Мариям Айтбайқызының басшылығымен өңірде әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға көп көңіл бөлінді. Аудан орталығында, «Қаракөз», «Қосағаш» кеңшарларында типтік орта мектептер салынды. І. Жансүгіров атындағы кеңшарда орта мектеп, музыка мектебі, Мәдениет үйі, фельдшерлік пункт бой көтерді. Оның игілігін көрген халқы ризашылықтарын білдіріп, басталған әрбір игі іске қолдау көрсетіп, береке-бірлікте жұмыс ітеді. Ақсу ауданында қызметте жүргенде еңбегі бағаланып екі рет мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Оның бірі – «Ерен еңбегі үшін», екіншісі – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі.
1982 жылы халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. 1991 жылы облыстық кеңес төрағасының орынбасары болып, зейнетке шыққанша осы қызметті абыроймен атқарды. Комсомол, партия және мемлекеттік органдарда көп жыл еңбек еткені үшін арнайы зейнетақы тағайындалды. Бейнетінің зейнетін көрген Мариям Айтбайқызы мен Марат Құрмашұлына Ақсу ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткен салтанатты жиында «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ал, 2011 жылдың желтоқсан айында Мариям Байқанова «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын иеленді. 
Қызы Айгүл С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіреді. Одан кейін 4 жыл облыстық ет-сүт бірлестігінің заң кеңесшісі, кейін Мемлекеттік мүлік комитетінің аппаратында, Қаратал ауданының, Алматы облысының және ҚР Бас прокуратураларында қызмет етіп, қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі жұмысын абыроймен атқарып жүр. «Әке көріп, оқ жонған» ұлы Мәлік жол училищесіне түсіп, автогрейдер мамандығын алып, әскер қатарына шақырылды. Әскерден кейін Өскемен жол институтына оқуға түсіп, денсаулығына байланысты оны бітіре алмады. Талдықорған педагогикалық институты мен Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында білім алды. 15 жыл кеден органдарында, оның 5 жылында Ақтау қаласында жұмыс істеді. 
Мариям Айтбайқызы қазіргі уақытта немере, шөбере сүйіп отырған бақытты әже. 60 жыл отасқан адал жары Марат Құрмашұлы 2021 жылдың 5 маусымында бақиға атанды. Бүгінде жора-жолдастары, бірге қызмет еткен әріптестері үлкен сағынышпен еске алады. 
Өмірдің ыстық-суығын қатар көріп, ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп өсірген әже кез келген мәселелерді байсалдылықпен, тиянақты етіп шешетін, жаны жомарт жанмен жолықтырған Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етеді. Жетістік пен кемшілік, қуаныш пен қайғыны қатар бөліскен олардың өмір жолы көпке үлгі. Екі жарты, бір бүтін болып ғұмыр кешкен олар, тіпті, туыстарын да ешқашан «сенікі», «менікі» деп бөлген емес. «Қонақ келсе құт келеді» демекші, үйлеріне келген қонақ рухани, мәдени байып қататын. Сондықтан да туған-туыс, жора-жолдастарының ортасында беделді, сыйлы болды.
Барлық қажыр-қайратын елінің ертеңіне арнаған Мариям Айтбайқызына мықты денсаулық, қажымас қайрат, Нұрмолда Алдабергенов айтпақшы, өзі секілді қазақ қыздарын, жігерлі жастарды тәрбиелеу ісіне үлес қосып жүре беруін тілейміз. Марат Құрмашұлының жаны пейіш төрінде шалқып, артындағы ұрпақтарына амандық берсін.

Мәулен ӘНЕРБАЙ,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 680 мыңға жетті

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026
Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.