Талдықорған: +20°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОФИЦЕРДІҢ ӘЖЕСІ

09.08.2021
КҮЛТӨБЕ
ОФИЦЕРДІҢ ӘЖЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл мерейлі 30 жылдығы аталып өтетін тәуелсіз мемлекетіміздің тілеуі мен тіре­гі  ­­– білімді, білікті жас ұрпақ. Қоғамның барлық саласынан ақылды, ойлы, заманға лайық іс-әрекет жасап жүрген жастарды көптеп көргің келеді.  Мемлекет қорғанысының қуатты болуы да бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан болар, еліміздің қорғаныс саласында қызмет етуді қалайтын, соған ғұмырын арнап жүрген жастардың көп болғанын жан жүрегіңмен қалайсың.


Кеген ауданындағы Жылысай ауылынан да офицерлер шығып жатыр. Тұратбек Іскендір Мұратбекұлы болашағынан мол үміт күттіріп отырған жалынды жас. Ауылдағы М. Орманов атындағы орта мектептің түлегі. Сабақты өте жақсы оқыған. Уақытын спортпен айналысуға арнаған. 9-сыныптан кейін жүрек қалауымен Бауыржан   Момышұлы атындағы әскери мектепте оқыды. Онда екі жылғы өмірі босқа өткен жоқ. Күш-қайраты да, ақылы да толысты. Тәуелсіз Отанымыздың қорғаныс саласында қызмет етуді армандайтын жас өрен одан кейін Әскери құрлық академиясында білім алды. Биыл аталған жоғары оқу орнын жақсы аяқтап, қолына дипломын алды. Лейтенант дәрежесімен Ақтау қаласына әскери қызмет етуге аттанды. Әскери академияны бітіру қуанышына Тұратбектің алтындай әжесі Адиемхан Иманбаева ортақтасты. Оқу орны Тұратбектей білімді, тәрбиелі, ақылды ұл өсіргендері үшін Адиемхан анаға «Офицердің әжесі» атты медаль тапсырды. Бұл бітірушілердің ішінде он шақты ғана анаға бұйырған қуаныш болатын. 

Жақында Мыңжылқы өңіріндегі Қайыңдысай деп аталатын хан жайлаудың төрінде отырған ананы жолықтырып қалдық. 1966 жылы Іскендір Әлішев атты жігітпен отау құрған Адиемхан ана қиындықтарды көп көрген. Ерлі-зайыпты жандар тынбай еңбектене жүріп, тапқан ақшаларына қозы-лақ, бұзау сатып алып жүріп, жап-жақсы дәрежеге жеткен. Бүгінде Іскендір аға мен Адиемхан ана құрған шаруа қожалығы Жылысай ауылдық округіндегі бірден-бір қожалық саналады. Бір отар қойлары, өздеріне жетерлік жылқы, сиырлары бар. Жаз маусымында дәл осы Қайыңдысайды жайлап келе жатқандарына 18 жыл болыпты. Мұратбек Әлішевтей ұлдары Жылысай ауылдық әкімшілігінде бас маман болып жемісті жұмыс істеп келеді. Келіні Гүлмира Көктеубаева ауылдағы ғана емес, бүкіл аудандағы озат мұғалім. Өз тұсында облыстың Үздік мұғалімі атанып, Талдықорған қаласынан үй алған. Іскендір аға мен Адиемхан ананың Тұратбектен бөлек Қанатбек, Қарлығаш, Құралай, Нұртілеу, Нұрлыбек атты алтындай немерелері өсіп келеді. Қанатбек пен Қарлығаш жоғары оқу орындарының студенттері.

– Тұңғыш немерем Тұратбектің атын өзім қойдым. Өзім бақтым. Кенже ұлымдай болып өсті. Әлі де сол өзіме жақын. Бойына ұлтымыздың бар жақсы қасиеттерін дарытуға тырыстым. Еңбегім далаға кетпеген сияқты. Тұратбегіміз үмітімізді ақтап келеді. Артық сөзі, артық әрекеті жоқ. Ақылды балапанымның шығар биігінің алда, көрінер көкжиегінің де алда екеніне сенемін. Тәуелсіз Отанымыздың тірегі болар азамат болып қалыптасып, қызмет ете берсе, одан артық қуанышымыз жоқ, – дейді Адиемхан ана, офицердің әжесі.

Біз Тұратбектей ұл өсіріп отырған асыл анаға бар жақсылықты тіледік!

Қанат БІРЖАНСАЛ 

 

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.